ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ

Описание к видео ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ

19 наурызда елімізде өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын Сайлау күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы таңғы сағат 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін «Сайлау-2023» 16 сағаттық онлайн марафонын өткізеді.

Марафонға БАҚ өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, министрлер, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен өнер жұлдыздары қатысады.

Марафонның «Брифинг» алаңында сайлаушылардың саяси белсенділігі бойынша әр сағаттың басында жедел баспасөз конференциялары ұйымдастырылып, халықаралық байқаушылар, сарапшылар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері дауыс беру барысына қатысты соңғы ақпараттармен бөліседі.

«Сайлау ерекшеліктері», «Парламент пәрмені», «Мәслихат мінбері», «Мемлекеттік басқару реформасы», «Инвестиция», «Монополия және олигополия» сияқты саяси-қоғамдық тақырыптар талқыланатын «Дискуссия алаңының» спикерлері қатарында министрлер мен түрлі институттардың өкілдері бар.

«TEDx алаңында» ҚР Экология министрі Зүльфия Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, академик Асқар Жұмаділдаев, бүркітші Айшолпан Нұрғайып көпшілікпен ой бөліседі.

«Дебат алаңында» қатысушылар жасанды интеллект, бала тәрбиесі, интернет контентті бақылау, мемлекеттік тапсырыспен кітап шығару мәселелері, ауылдарды дамыту, әлемдік миграция, медициналық сақтандыру тақырыптары бойынша өз позициясын қорғайды. Марафон қонақтары саяси науқан жайындағы азаматтық пікірлерін «Экспресс-камера» арқылы білдіре алады.

19 наурыз 00:00-де марафон алаңында дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша Exit-poll қорытындысы жарияланады.

«Сайлау-2023» онлайн марафоны республикалық және аймақтық телеарналардың, басылымдар мен ақпараттық агенттіктерінің сайт, Facebook және You Tube желісіндегі ресми парақшаларында 16 сағат бойы үзіліссіз тікелей трансляцияланады және телеарналар эфирі арқылы тікелей қосылымдар жасалады.
Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness
Instagram -   / atameken.business  
Instagram -   / inbusinesskz  
Facebook -   / atamekentv.kz  
Atameken Business Sport - https://t.me/atamekenbusiness_sport
Facebook -   / inbusiness.kz  
Tik-Tok -   / atamekenbusiness  


«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs -    / @atamekenbusinessprograms1041  

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Комментарии

Информация по комментариям в разработке