Студенттер директордың қыспаққа алғанын айтып, біздің арнаға шағымданды

Описание к видео Студенттер директордың қыспаққа алғанын айтып, біздің арнаға шағымданды

Ақтаудағы «Мередиан» медициналық колледжінің студенттері директордың қыспаққа алғанын айтып, бүгін біздің арнаға шағымданды. Олар үш жыл бойы колледждегі проблемаларға басшылықтан қорыққаннан шыдап келдік,- дейді. Нақтырақ айтқанда, оқу орнында жағдай жасалмаған, білім сапасы төмен, одан қалды әр маманнан заңсыз ақша жинатады дейді. Айтуларынша, ең сорақысы, колледждің унитазы сынып, оны жөндетуге әр топтан 5000 теңгеден төлетуге мәжбүрлеген. Болашақ медбикелердің жанайқайы жөнінде сол өңірдегі тілшіміз Жәмила Қибасова айтып берсін.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке