«Аграрлық несие корпорациясы» қостанайлық диқандарға қолдау көрсетті

Описание к видео «Аграрлық несие корпорациясы» қостанайлық диқандарға қолдау көрсетті

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
«Аграрлық несие корпорациясы» қостанайлық диқандарға қолдау көрсетті. Биыл бес жүзден астам шаруа 70 миллиард теңге төмен пайызбен несие алған. Соның арқасында аталған өңірде 1 милиион 3 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл себіліпті. Теріскейде егін жинау науқаны қалай жүріп жатыр? Шаруаларға қандай шарттармен кредит беріледі? Әріптесім айтып берсін.
«Нұр тоба» шаруа қожалығында егін жинау науқаны қыз-қыз қайнап жатыр. Ауа райы шаруалар үшін әзірге қолайлы. Себебі, былтыр жауын-шашынның кесірінен мол өнімді жинап алу жағынан қиындықтар туындаған екен. «Аграрлық несие корпорациясының» көмегі ауқымды жұмысты межелі уақытында атқаруға септігін тигізеді дейді диқандар.
ЕРМЕК ЖҰМАБЕКОВ, «НҰР ТОБА» ЖШС директоры:
– Жазда мен несиенің тек пайызын төлеймін. Қарыздың негізгі бөлігі қараша мен наурызда өтеледі. Бұл бізге өнімді қолайлы бағамен сатуға және өз міндеттемелерімізден құтылуға мүмкіндік береді. Басты артықшылығы осы.
Шаруалар «Кең дала 2» жаңа бағдарламасы арқылы жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие алған. Ал кепілге қоятын мүлкі болмаған немесе жетпеген жағдайда «Даму» қоры биыл алғаш рет кредит сомасының 85 пайызына дейін кепілдік берген екен.
ВАСИЛИЙ КАПИСТЕНИЦКИЙ, «БАЛТАЛЫ LTD» ЖШС агрономы:
– Менің ойымша несиенің шарттары өте тиімді. Керек кезде барып аласың. Одан артық қандай қолдау қажет?!
Кредитті несие серіктестігі, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен микроқаржылық ұйымдар арқылы алуға болады.
ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, «Аграрлық несие корпорациясы» филиал директорының орынбасары:
– Шаруаларды қолдау мақсатында егінді себу және жинау кезінде корпорация «Кең дала 2» бағдарламасының шарттарымен қаржыландыруды жалғастыра береді. Қарыздың жартысын 1-ші қарашаға дейін, қалған бөлігін келесі жылдың 1-ші наурызына дейін төлеу керек.
Биыл агроөнеркәсіп кешеніне 420 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 178 миллиард теңгеден астамы «Кең дала 2» несие бағдарламасына бағытталған екен.
-------------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке