Басшылық тарапынан қудалауға түстік деген жамбылдық машинистер шу көтерді

Описание к видео Басшылық тарапынан қудалауға түстік деген жамбылдық машинистер шу көтерді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Жамбыл облысында жүк пойызының жүргізушілері жаппай шу шығарды. Олар қудалауға түскен әріптестерін қолдауға жиналды. Айтуларынша, мекемесі Таразда, тікелей басшылығы Шымкентте, директоры Астанада отыратын компанияда жұмыстан қуу белең алған. Машинистер жоқты желеу, сынақты сылтау еткен басшылық жергілікті мамандарды жаппай жұмыстан шығарды дейді. Толығырақ әріптесім Нұрадин Рақай айтып берсін.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Бұл тұрғандар жүрдек пойыз тальгодан бастап кез келген отарбаны тізгіндейтін машинистер. Бүгіннен бастап далада қалдық деп дабыл қағады. Дау басына кәсіби шеберліктеріміздің кемдігі емес, бригадиріміздің басшылыққа жақпай қалғаны себеп болды дейді. Содан түртпектеу, кейін қудалау, соңы жұмыстан қуумен аяқталды деп отыр.
ШАЛҚАР ЫСҚАҚОВ, машинист:
– Уже балалардың бәрін жұмыстан шығарып жіберді. Бәріміз. 45 адамбыз ба. Соның бәрін шығарып жіберді.
Бұл бассыздыққа жол бермейміз деген машинистер бұған дейін дүркін-дүркін бас көтереді. Арызын жазып Астанаға, шағымын айтып әлеуметтік желіге жүктейді. Бірақ шу шыққан мәселе ушықты дейді. Сөздерінше басшылық ұнамаған адамдарға қолдан қудалау ұйымдастырған. Сынақтан сүріндіріп, қалайда жұмыстан кетірудің жолын тапқанына сенімді. Көптің күдігін емтиханнан тек тараздық бригаданың өте алмауы күшейткен.
Түн ішіндегі толқуға жұмыстан қуылған пойыз жүргізушілері түгел қатысты. Наразы топқа басшылық басу айтудың қажеті жоқ деп тапса керек ешкім төбе көрсетпеді. Жиналған жұрт амалсыз, түн ішінде бас офиске баса көктеп кірді. Бірақ жұбатар жауап ала алмады.
ЕРЛАН ТІЛЕШБЕКОВ, «ТТТ СЕРВИС ТАРАЗ» станциясы Шымкент аумақтық бойынша басшысы:
– Жүк пойыздары жүрмей тұр емес. Жүреді. Біз басқа Шымкент, одан кейін Шу станциялардан басқа машинистерді мыналар жұмыстан шығудан бас тартқан соң соларды алдыруға тура келіп жатыр. Нақты жауап беретін мен сендерді жұмысқа қабылдаған жоқпын. Қабылдаған директор бар.
Осылайша ұжымдағы ушыққан мәселеге нақты нүкте қойылмай тұр. Ал қысқартуға ұшыраған жұмысшылар дидарын көрмеген директорын іздеп Астанаға барамыз деп отыр.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке