«Қымбатшылық қысып барады». Үкіметтегілер базар мен дүкендегі бағаны біле ме?

Описание к видео «Қымбатшылық қысып барады». Үкіметтегілер базар мен дүкендегі бағаны біле ме?

Жұрт аурумен арпалысып жатқанда, елімізде азық-түлік, халық тұтынатын тауар, жанар-жағар май мен құрылысы материалдар бағасы қымбаттап кетті. Қысылтаяң шақта құны шарықтаған тауарлар тізімінде көкөніс, ұн, сиыр еті, шәй, жұмыртқа, күнбағыс майы бар.
Ал құрылыс материалдарының ішінде темір, ағаш, цемент және құрылыс қоспалары мен сусыма материалдар құны да бірнеше есеге өсіп, әлі де тұрақтамай тұр. Ресми статистикаға сенсек, мамырда көкөністер мен жемістер арасында катофель, апельсин, қияр, сәбіз қымбаттаған. Қияр бір жылда (36,3%- 739 тг), қызылша (26,8% - 174 тг), картоп (10,6%, - 138 тг) дейін өскен. Әсіресе халық жиі тұтынатын картоптың бағасы кей жерлерде маусым айында әр киллограмы үшін 350 теңгеге дейін шарықтап отыр.
Сүт өнімдері өткен бір жылда орташа 11,3%-ға өсті. Ал еттің ішінде шошқа еті 8,1% (1 700 тг), ал сиыр еті 8,3 % (2 400тг), балық 8,4% (2 300 тг)болған.
Мұның барлығы қағазға түскен ресми статистика. Бірақ ел ішінде жағдай басқаша. Кейбір халық жиі тұтынатын заттарға, оның ішінде азық-түлік түрлері мен құрылыс материалдарына баға күн санап өсіп жатыр. Күнбағыс майы, картоп, ет тиісті органдар берген статитикадағы көрсеткіштерден анағұрлым қымбат. Ал жаз-күз мезгіліндегі құрылыс салу маусымы қарсаңында қажетті материалдарға баға күн құрғатпай өсіп барады. Саудагерлер өнім жеткізушілердің берген бағасына азғантай ғана қосып сатуға мәжбүрміз. Бірақ баға ырық берер емес, деп отыр. Тілшіміз халықтың арасына шығып, базарлар мен ірі дүкендерді аралап, бағаларға үңіліп, қарапайым жұртпен және сатушылармен тілдесіп қайтты.

Біздің сайт: https://azattyq-ruhy.kz
Instagram:   / azattyq.ruhy  
Facebook:   / azatruhy  
Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy
Twitter:   / azattyqruhy  

Наш сайт: https://rus.azattyq-ruhy.kz/
Instagram:   / azattyq.ruhy  
Facebook:   / azatruhy  
Telegram: https://t.me/azattyq_ruhy
Twitter:   / azattyqruhy  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке