МЕН ОНЫ ӘЛІ ІЗДЕЙМІН

Описание к видео МЕН ОНЫ ӘЛІ ІЗДЕЙМІН

Он жыл өтсе де ол оны әлі іздеп жүр.
Оны бәрі іздейді. Әсіресе достары.
Нағыз достықтың жөні бөлек. Өйткені бұл – адами кодтың рухани символы.
Нағыз достар бірін-бірі қандай да бір терең құндылықтың деңгейінде көруге, түсінуге, сол деңгейде кездесуге тырысады. Кездесе алса, ондай достық Тағдырдың кез-келген сынағына төтеп береді.
Абайды астанадан, Хами, Ербол, мен – үшеумізді Алматыдан, Бақтыгерей мен Қалжанды Атыраудан, Жаркенді Балқаштан сонау Шығыста жатқан Өскеменге жинап апарған да жарты ғасырға жалғасқан берік достықтың өзегінде өрілген терең құндылық еді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке