Әбдіжаппар Әлқожа - Жалғыз жапырақ

Описание к видео Әбдіжаппар Әлқожа - Жалғыз жапырақ

Әбдіжаппар Әлқожа - Жалғыз жапырақ / Abdizhappar Alkozha - Zhalgyz zhapyrak / Абдижаппар Алкожа - Жалгыз жапырак
Аңдаусызда жолықтың
Аға дедің алғаусыз
Сені көктем елітті .
Мені мұңға малған күз
Күзгі бақта тұр еді
Жалғыз жапырақ құламай
Сол ғой менің жүрегім
Сені сүйген сұрамай

Аға дейсің бағым ба?
Алыстадық жыраққа
Өткен шақта өмір бар
Махаббат жоқ бірақта
Өтіп жатқан өмірдің
Көктемі жоқ күзі бар
Жалғыз жапырақ мен едім
Өзің келіп үзіп ал

Қарындас деп менде беу
Қиыламын әйтеуір
Жүрегімде гүлдеген
Жалғыз сөзді қайтемін
Сен еліктің лағындай
Сен сәбидің жүзіндей
Жеткізбейсің сағымдай
Үмітімде үзілмей

Жаңа музыкалық арна 100% қазақ тілінде.
Қызықты бағдарламалар, ескімізді еске алу, жаңамызды жаңа деңгейде көрсету.
www.zhuldyz.tv
[email protected]
Жұлдызың жаныңда болсын ағайын!
Zhuldyz TV-ән мен әнші, бейнебаяндар мен музыкалық жобалар, тұсаукесерлер!
#ӘбдіжаппарӘлқожа #ЖалғызЖапырақ #zhuldyztv

Комментарии

Информация по комментариям в разработке