Күлпәштің хикаялары 5 серия (18.06.2017)

Описание к видео Күлпәштің хикаялары 5 серия (18.06.2017)

Күлпәштің хикаялары 5 серия (18.06.2017)

Жердің тоңын жібітіп, көбесін сөгілтіп жеткен Көктеммен бірге «Астана» телеарнасы көрермендеріне тамаша көңіл-күй сыйламақшы. Бұған дейін «Шымкент шоу» театры арқылы әзілсүйер қауымға танылған Күлпәштың әдемі әзілдері мен шым-шытырық хикаяларына куә бола аласыздар. Ол үшін театрға барудың қажеті жоқ, театр сіздің үйіңізге келеді. Мұндай мүмкіндікті сіздерге «Астана» арнасы ұсынады. Жоқтан барды құрайтын, ененің қадірін білетін, абысынмен тату, үйдің тірлігін ұршықтай үйіретін Күлпәштың сіз білмейтін жаңа хикаяларын жаңа жобадан тамашалай аласыздар. Ауылдың өмірімен біте қайнасып кеткен Күлпаштың өмірі әзіл-қалжыңға толы. Ол көрермендерді күлкіге қарық қылатын оқиғалардың үнемі ортасында жүреді. Аңқаулығының арқасында түрлі тосын жағдайларға тап болғанымен адалдығының арқасында абыройын сақтап қалады. Қысқасы, Күлпәштің мың күнге татитын әр күніне осы жоба арқылы куә боласыздар. Айтпақшы, «Келіннің соңы» телехикаясында Ананди образымен жақсы таныс Авика Гор да осы жобаның түсіріліміне қатысып, Күлпашпен келін болудың сырымен бөліседі.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке