КТК: Қазақстан жаңалықтары 20.06.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 20.06.2024

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

КҮЙІП ҚАЛДЫ
Ақтөбедегі темір қорытатын зауытта төтенше жағдай. Қазандықтан от шашырап, 5 адам күйіп қалған.

ОҢАЙ БЕРМЕЙДІ
Кредит алу күрделене түсті. Енді көрінгенге онлайн несие беріп, кешіктірсе жан алқымынан алатын қаржы ұйымдарының міндеттері мен жауапкершіліктері артпақ. Халықты несие қамытынан қорғауға бағытталған заңға президент қол қойды.

БИЛЕТ ҚАЙДА?
Кондиционері мен дәретханасы істемейтін вагондарда да орын жоқ. Жаз келісімен пойызға билет таппай сабылатын қазақстандықтардың мәселесін шешу үшін тағы 3 мың вагон қажет екен.

НЕСІНЕ СОНША ШЫҒЫНДАЛДЫ?
Қаланың көркін келтіреді деген конструкция көптің көңілінен шықпады. Қарағандының кіреберісіне орнатылған "сәулет өнері" үшін 45 млн теңге жұмсалды дегенге тұрғындар күмәнмен қарауда.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке