«Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы іске қосылды

Описание к видео «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы іске қосылды

Осыдан тура бір сағат бұрын Қазақстан Темір Жолы жаңа жолаушылар бағытын іске қосты.

Пойыз Жезқазғаннан шығып, Қызылордаға беттеп барады. Бұл – жергілікті тұрғындар және сыр өңірінің азаматтары үшін де көптен күткен жаналық. Өйткені жаңа бағыт екі арадағы қатынасты жылдамдатып, жолаушылар жағдайын жеңілдетеді.

Жаңа бағыт бойынша жолға шыққан пойыздың алғашқы жолаушыларының ішінде біздің арнаның түсіру тобы да бар.

Ердәулет Байдуллаев, тілші

-Жезқазқан жеріне теміржол сонау 1937 жылы төселген. Онымен бүгінге дейін тек Қарағанды қаласымен қатынас жасалды. Жаңа жолдың салынуы тұрғындардың оңтүстік өңірге шығуын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Бұрын Жезқазғаннан шыққан поезд Қарағанды, Сары-Шаған, Шу одан әрі Шымкент пен Түркістанның үстімен өтіп барып, Қызылордаға екі жарым тәулікте жететін. Жаңа жол әлдеқайда кысқа. Қарсақбай, Қоскөл, Сексеуіл, Қазалы сынды елді мекендерден өтіп, соңғы нуктеге 24 сағатта апарады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке