КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.11.2023

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.11.2023

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

ШАХТАДАҒЫ АПАТ
Жамбыл облысындағы шахтада топырақ опырылып, екі кенші қаза тапты. "Қазақмысқа" тиесілі кен орнында қараша айында болған бұл үшінші қайғылы жағдай.

БАЛА САТУ БИЗНЕСІ!
Несиесін жапқан адамға жаңа туған баласын беретін боп келіскен. Полиция еліміздің бірнеше өңірінде бауыр еті баласын ақшаға айырбастамақ болған әйелдерді ұстады.

ЖАҢА БЕЛГІ
Газбен жүретін көліктер көрінетін жерге жаңа белгі жапсыруға міндетті. Жаңа жылдан бастап күшіне енетін ереженің мақсаты қандай?

ТӨБЕДЕН ТҮСКЕН
Үйлерге жақын жүру де қауіпті! Оралда қаза болған 50 жастағы педагогқа қастандық жасалды ма, әлде ескі ғимараттың шатырынан кірпіш өздігінен құлағанын тергеу анықтап жатыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке