Қалада шалқып жүрген

Описание к видео Қалада шалқып жүрген

Қалада шалқып жүрген ‪@saltanat_yergesh‬ ауылда тандырған нан жауып жүр 😱


Қайырлы күр көрермен!
Видеода толық айтылмай қалды. Осында подробнее жазып кетейін. Қамыр жұұұмсақ болу керек, бірақ сағыз ұқсап созылып кетпей,формасын жақсы ұстап тұру керек. Сүт қоссаңызда болады, лучше піспеген сүт. Қамырды(наныңызды) пышный қылады,піскен сүтке қарағанда. Сосын тандырға от жаққанда басында тандыр қатты ыстық болады. Шоғын лопатканың көмегімен ортаға жинайсыз. Сосын 5-10 минуттай суытуға қалдырасыз. Сол аралықта нанды жасап үлгеру керек. Тандырдың ішіне қолыңызды салғанда 5 секундтын ішінде қолыңыз күймесе, значить тандыр дайын. Тандыр ыстық кезінде нанды жабыстыруға болмайды, піспей жатып тастап жібереді. Суып қалғанда да жабыстыруға болмайды, астын бермей қалады. Егер тандыр ыстық кезінде жабыстырсаңыз нанның астын қаттырақ сулаңыз. Суып қалғанда жабыстырсаңыз аз ғана(болар-болмас) су жағыңыз. Сонда астын жақсы береді. Нанды жабыстыра салып бетіне су шашыңыз(лучше жылылау су). Сосын сразу тандырдың бетін жауып қойыңыз. 5 минуттан кейін тандырдың бетін ашып, ортаға жиып қойған отыңыздың ортасын ашыңыз. Қызыл шоғы көрініп тұратындай етіп. Сосын снова бетін жауып қойыныз. Әр 5 минутта бетін шамалы ашып қарап-қарап тұрыңыз. Шоғын ашқасын беті қатты қызарып кетеді. Жалпы 20-25 минутта дайын болып шығады. Жасап көріңіздер!





#тандырнан #тандырнаялепешка #тандырғананжабу #тандыр #тандирда #нанжабу #тандырдананжабутехнологиясы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке