БИЫЛ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 10 МЫҢ ГЕКТАРҒА МАҚТА ЕГІЛЕДІ

Описание к видео БИЫЛ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 10 МЫҢ ГЕКТАРҒА МАҚТА ЕГІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстанның «Global Textile Group» компаниясы тобының жетекшісі Музаффар Разаковты қабылдады. Кездесуде Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту, мақта шитінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Өңір басшысы бұл салада екіжақты әріптестіктің екі тарапқа да пайдасы мол екенін айта келе инвесторға алғысын білдірді. Бүгінде Түркістан облысы кәсіпкерлікке қолдау көрсету және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөнінен еліміз бойынша жетекші орында тұр. Өңірде арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке