Тағдырым қиналдығой меніңде | текст, сөзі, lyrics, мәтін, караоке |

Описание к видео Тағдырым қиналдығой меніңде | текст, сөзі, lyrics, мәтін, караоке |

Тағдырым қиналдығой меніңде | #тағдырым #қазақша #ән #махаббат #алдамшы #сенбеймін #2023 #lyrics #текст #мәтін #караоке #bakkipubg
.•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•.
Сөзі...
`
Аспанда ай жанып тұр, даланы суық басты
Теңіздей су бетіне, ажарын нұрын шашты
Оңбаған бір жігіттің, имансыз істерінен
Қайғыны көрген ару, мөлдіреп көзін ашты
`
Теңізге ағылып тұр, көзінен тамшы жасы
Қайғырад бұл өмірде, қалғандай қара басы
Ол ару қай жақта жүр, жағдайы қалай екен
Білмейді үйіндегі, ағасы ата-анасы
`
Бұл ару қайғы шеккен, сүйгені тастап кеткен
Жігіті оны алдап, зорлаған ұрып тепкен
Жезөкше деп аруды, ауылдың адамдары
Иманы таза қызды, осылай атап кеткен
`
Бұл ару сұлу еді, қараса көз тоймаған
Қор болар деп бір жігітке, қалар деп кім ойлаған
Тапталып ар намысы, кетседе жезөкше боп
Аллаға деген сенім, жүректен еш жоймаған
`
Намазын оқып күнде, хиджабын тастамаған
17 жасқа дейін, денесін ластамаған
Мешітке барсадағы, ол қызғо əлі кіттай
Алдатып жас жүрегін, сол жігіт ұстап алған
`
Басында ойы арам, оны қыз байқамаған
Мен сені сүйемін деп, жігітке қайталаған
Ол ару қыз емеспе, иманы бар жанында
Көндіре алмаған соң, зорлықпен аймалаған
`
Денесі аймаланды, жігіттің кір қолымен
Сүйгені қайда қалды, кеттіғой өз жолымен
Аспанда ай жанып тұр, даланы суық басты
Сол ару суға батып, жүрегін өзі өлтірген
`
Осылай аяқталды, сол арудың тағдыры
Əкесінің ол еркесі, анасының жалғызы
Ал жігітке келгенде, ол жігіт əліде бар
О дүниеде өтелер, қыз алдында қарызы
`
Тағдырым тағдырым қиналдығой меніңде
Аяғы өміріміз əкелдіғой өлімге
Жаным жаным қиналдығой меніңде
Сенбеймін енді алдамшы сезімге
`
Жігіттің өміріне келгенде мен айтайын
Имансыз ол жігіттің, тағдырын мен жазайын
Уайымы қайғысы жоқ, қыдырып жүр көшеде
Білмейді ол оңбаған, арудың өткен жайын
`
Зорлады ұрып соқты, аймалап қыз баланы
Секіріп көк теңізге, қыз өзін жазалады
Жер басып жүрсе жігіт, жабысып көрінгенге
Қыз болса періште боп, аспанды аралады
`
Түсіне кіріп ару, жігітті мазалады
Арудың жігіт мəңгі, жүрегін жаралады
Ол қыздың жоқ екенін, жігіті білмейдіғой
Іздесе ол аруды, өмірден табалмады
`
Ару қайтыс болды, ол енді жоқ өмірде
Қиналмайд жігіт болса, уайым жоқ бір көңілде
Бишара сол аруды, еске алып бір минутқа
Жігіттің жасы ағып, қарап тұр көк теңізге
`
Ол адам жүрегі бар, болсада жауыз жігіт
Қалдығо бар ісіне, өмірде бір өкініп
Арудың жақсылығын, сүйгенін ол түсініп
Жылады жас баладай, көзінен жас төгіліп
`
Өткен іс өтіп кетті, қайтадан оралмайды
Ол жігіт бұл өмірде, бақытты болалмайды
Жүрегі қан жылайды, ол емін табалмайды
Өкініп өз қолымен, денесін сабалайды
`
Пышақпен тіліп тіліп, жүрегін жаралайды
Қайтеді ол бəрібір, бақытты болалмайды
Кей біреуі қайтыс болған, аруға қуанады
Арудың сұлулығын, өйткені көралмайды
`
Кім білед солар шығар, араға отты салған
Ол жағы мәлім емес, жұмбақ боп бізге қалған
3 айдай өткеннен соң, теңізде бір балықшы
Тауыпты мəйіттерін, жерінен бірге жатқан
`
Тағдырым тағдырым қиналдығой меніңде
Аяғы өміріміз əкелдіғой өлімге
Жаным жаным қиналдығой меніңде
Сенбеймін енді алдамшы сезімге
.•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•..•♫•♬•♬•♫•.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке