ЖАҢА УАҒЫЗ. Жастарға өсиет. ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы

Описание к видео ЖАҢА УАҒЫЗ. Жастарға өсиет. ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы

Нұрсұлтан Ұстаздың Сахабалардың сәулелі ғұмыры кітабын аламын деушілер болса Шымкент қаласы бойынша мына номерге хабарлассаңыздар болады 87011075778 Еркеғали


ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
Адам баласының дүниеге келгендегі мақсаты – қос дүние бақытына қол жеткізу. Себебі адам – ақыл мен санаға ие, жаратылысы ерекше, ұлы мақсаты бар тұлға. Бұл мақсат, Құран Кәрімде айтылғандай, бізді жаратқан, қаншама нығметке бөлеген Раббымыздың алдында құлшылық міндетімізді орындау. Демек бізді жаратқан және шексіз нығметке бөлеген Раббымызға шүкір етуді ең маңызды борышымыз деп білуіміз қажет.

Ислам дінінің ең басты талабы – білім алу, сауатты болу. Ислам – адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер Алла Тағаланың ақырғы діні. Оның дәлелі – Құранның нұрлы аяттарын өмірінің әр саласына шамшырақ ете білген мұсылмандар. Иә, Құран қағидаларын берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген алғашқы мұсылмандар мәдениетте, ғылымда күллі әлемге ұстаздық етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы аяты: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен» («Әлақ» сүресі, 1-5-аяттар) деп келеді. Бұл тек Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адамды оқу, жалпы ғаламды зерттеп-зерделеп оқу еді.

Құран аяттары мен оның тілмашы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері мұсылмандарды әрдайым білімге, ғылымға үндейді. Ислам діні білімді қатты бағалайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен кезде, оның амалы тоқтайды. Үш нәрсенің сауабы тоқтамайды:
жария істелген садақа, пайда беретін барлық ілім және өзінің соңынан дүға ететін тақуа перзент», – деді. Білім, оның пайдасы мен игілігі жайлы Жаратушы Иеміз өзінің қасиетті кітабында да, Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де көп баяндалады. Иман деңгейінің өсуі мен нығаюына білімнің әсері күшті. Иман – көл десек, оның тұрақтылығын сақтап, тартылып қалмауына септігін тигізетін өзен – білім. Егер пенде білім атты өзеннің ағысын бекітіп тастаса немесе арнасын бұрып жіберсе, иман атты көл тартылып, құрғап қалады. Әрине білім атты дарияның таза болып, ластанбауын да қадағалау қажет. Алайда білім алғанда кімнен және қай жерден алатынына назар аудару керек.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке