Үйімнің құлпын ауыстырып тастады, "Алғыс күні" алған пәтерім бұйырмады | Болатбектің жанайқайы

Описание к видео Үйімнің құлпын ауыстырып тастады, "Алғыс күні" алған пәтерім бұйырмады | Болатбектің жанайқайы

Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔    / @halyq-uni  

«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
2020 жылы "Amanat Home" кооперативі, "Асыл адам" қайырымдылық қоры және "Алло, не керек?" интернет дүкені бірігіп Астана қаласында ұтысқа пәтер ойнатқан. Сол кезде 1000 теңгеден екі билет сатып алған елордалық Болатбек Мамырбаев та ұтысқа қатысып, екінші билеті олжалы болған. Ол бір бөлмелі пәтер ұтып алып, оған баспана кілті сол күні "Қазмедиа" орталығында – көпшілік алдында салтанатты түрде табыс етілген. Алайда Болатбек Мамырбаев ұйымдастырушылардың қателігінен үш жылдан бері үйдің құжатын рәсімдей алмаған.

Оған қоса, Болатбекті "адам тұруға арналмаған ғимарат" деген желеумен үйінен шығарып жіберіпті. Тіпті, кейіннен ұйымдастырушылар есіктің құлпын ауыстырып тастаған. Елорда тұрғыны өзі ұтып алған үйінен заттарын ала алмай, далада қалған.

Тұрғынның айтуынша, ұтысқа пәтер ойнатқан үш ұйым да бүгінде жауап беруден жалтарып, мәселені бір-біріне сілтеумен келеді.

Ұтып алған пәтерін атына аудара алмай дал болған Болатбек Мамырбаев енді қайда барарын білмейді.
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт - https://halyq-uni.kz/
Instagram –   / halyquni.media  
Telegram – https://t.me/halyquni
TikTok –   / halyquni  

Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇

   • Ozgeshe podcast  

   • AQ Soile - сұхбат  

   • Ащы шындық  

   • Жанайқай  

#ХалықҮні #Астана #AmanatHome

Комментарии

Информация по комментариям в разработке