1 шілдеден бастап мына әлеуметтік төлемдер 14,5 пайызға ұлғайтылады

Описание к видео 1 шілдеден бастап мына әлеуметтік төлемдер 14,5 пайызға ұлғайтылады

1 шілдеден бастап еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер 14,5 пайызға ұлғайтылады. Яғни, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы өтелетін көмекті көбейтуге қатысты қаулыға қол қойып отыр.
Демек, енді еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін жәрдемақы мөлшері 34 888 теңгеден 39 946 теңгеге дейін өседі. Ал егер бір отбасындағы екі кісі бірдей жұмысқа қабілетсіз болса, 69 209 теңге төленеді. Жәрдемақы көлемі дәл осы реттілікпен көтеріле береді. Ресми дерек бойынша қазір елімізде еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік көмек алатын 92 мыңға жуық адам бар.Екі бірдей асыраушысынан айырылған балалар үшін жәрдемақы көлемі 47 869 теңгеден, 54 810 теңгеге ұлғаяды. Ал өзге де жұмысқа жарамсыз азаматтар үшін төлем көлемі 25 082 теңгені құрайды. Қазір Қазақстанда асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алып отырған 61 мыңнан астам отбасы тіркелген екен.












Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке