Шәмші Қалдаяқовтың әні - ҚАЙДАСЫҢ? (Текст песни, Сөз мәтіні)

Описание к видео Шәмші Қалдаяқовтың әні - ҚАЙДАСЫҢ? (Текст песни, Сөз мәтіні)

ҚАЙДАСЫҢ?

Сөзі: Н.Әлімқұлов
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Орындааған: Бейбіт Сейдуалиева

Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным.

Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан.
Әлі тұр гүлдер де,
Самал жел шайқаған.
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған.
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың, қалқажан?!

Көруге жаралған
Сен бейне айнасың.
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын.
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын.
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!


Өлең және текст жүктелді: https://www.soyle.kz/article/view?id=52

Комментарии

Информация по комментариям в разработке