Ақ мақтасымен әйгілі - Мақтаарал / Maktaaral audany /

Описание к видео Ақ мақтасымен әйгілі - Мақтаарал / Maktaaral audany /

Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 0,8 мың км² (облыс аумағының 0,7%-ы). Орталығы – Мырзакент кенті.
Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. 2018 жылы 5 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтаарал ауданы боп екіге бөлінді.
Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігінде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 м төбелі, белесті жазықта орналасқан. Батысында Жетісай ауданымен, солтүстігінде Шардара бөгені арқылы Шардара ауданымен, оңтүстігі мен шығысында Өзбекстанмен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған.
Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.М.Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған.
Аудандағы 69 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген.
Ауданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км.
Аудандағы 37 өнеркәсіп орындары 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 4 млрд 267 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, орта мерзімдік даму жоспары 101,6% орындалды.

Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2006 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы - 644 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға аз өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр.

Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі мақта тазалау зауыттарының үлес салмағы жылдан жылға бәсендеп 67% дейін, ал шағын кәсіпкерлердің үлесі керісінше ұлғайып 33% дейін жетті.

Ауыл шаруашылығы
2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.

Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды.

Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке