Эквадорда қарулы қақтығыс ушықты

Описание к видео Эквадорда қарулы қақтығыс ушықты

Эквадорда қарулы қақтығыс ушықты. Мұздай қаруланған қаскөйлер Гуаякил қаласындағы телеарна ғимаратын басып алып, журналистерді кепілге алған. Және университетке басып кірген.
Жағдай шиеленіскен соң ел президенті Даниэль Нобоа 60 күнге төтенше жағдай жариялады. Алдын ала болжам бойынша тәртіпсіздіктер атышулы мафия лидері түрмеден қашып кеткеннен кейін басталған. 34 жылға сотталған Адольфо Масияс 12 жыл абақтыда отырып, «Лос-ЧонЕрос» мафиялық тобын басқарған. Қылмыскерлер метро мен сауда орталықтарында адамдарға, полицейлер мен қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған. Эквадордың басқа аудандарында да бейбіт тұрғындар жарақат алған. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында отандастарымыз жоқ. Қазақстандық саясаттану Талғат Қалиев бұл жағдайға өз пікірін білдірді.
ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, саясаттанушы:
– Эквадорда болып жатқан жағдай ол бүгін басталған нәрсе емес. Ол көптен бері келе жатыр. Өйткені ол жақта билік тек биліктің қолында емес, билік наркокартельдермен бөлісіп жатады. Наркоборондар жиналып, қарсы шығып, түрмеден басшыларын босатып, телецентрге шабуыл жасап. Сөйтіп өзінше биліктерін көрсетіп жатыр. Бірақ мемлекеттің қолында әскер бар, полиция бар. Онда міндетті түрде жеңеді, тәртіпті орнатады деп сенеміз.





Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке