Рәміздерімізге қызмет көрсетілді.

Описание к видео Рәміздерімізге қызмет көрсетілді.

Бүгін 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл рәміздеріміздің ресми түрде бекітілгеніне 32 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді.
Рәміздер күніне орай аудандық мәдениет үйінің алаңында Әнұранымыз шырқалып, Туымыз асқақтап, рәміздерімізге құрмет көрсетілді.
Шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнер майталмандары патриоттық әндер орындап, рухымызды асқақтаты. Елтаңбамыз еңселі, байрағымыз биік болып, Әнұранымыз асқақтай берсін!
#уланскийрайон #2024 #рәміздеркүні

Комментарии

Информация по комментариям в разработке