Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары.

Описание к видео Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары.

22-25 қаңтар аралығында Елімізде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша І Республикалық «Ауыл дарыны» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Астана қаласында өткен Республикалық ақтық кезеңінен ауданымыздың оқушылары Облыс намысын қорғап, жүлдемен оралды.
Пәндік олимпиадалар – бұл оқушылардың алғашқы ғылыми ізденістеріне жол ашатын, ғылымның әртүрлі саласында оқушы дарынын айқындауға мүмкіндік беретін ауқымды сайыс түрі. Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі.
Олимпиада жаратылыстану–математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды қамтитын 13 пән бойынша өткізілді. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркелуден өтті.
Аудандық, облыстық кезеңдерден тайсалмай өтіп, 6 оқушы жүлделі 1 орынды иеленіп, Республикада өтетін ақтық кезеңге жолдама алған болатын. Ақтық сында облысымыздың, ауданымыздың намысын қорғаған білімді жеткіншектеріміз жеңіс туын төмен түсірмей, еліміздің үздік оқушыларының қатарына кіре білді. Республикалық кезеңнің күміс жүлдесін иемденген Қ. Құдагелдинов атындағы орта мектебінің оқушысы Дильназ Әділбекқызы география пәнінен, қола жүлдегер С. Аманжолов атындағы орта мектебінің оқушысы Маржан Жұмабекқызы биология пәнінен, күміс жүлдегер Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің оқушысы Сырым Жандосұлы құқық негіздері пәндерінен қатысып, жеңімпаз атанды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясына ие болды. Ауданымыздың оқушылары дәл осы жетістік пен нәтижеге жетуге септігін тигізіп, жүлдегерлер тізімінен көрінгеніне қуаныштымыз. Оқушыларын дайындаған жетекшілері мен ата-аналарына жеңістеріңіз құтты болсын деп тілек білдіреміз.
#ұланауданы #ұланауданыныңбілімбөлімі #нұргүлнұрсұлтанова #олимпиада #республика #мектептынысы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке