Ақтөбе облысында үйлері су астында қалған тұрғындар жаңа баспана салып беруді сұрайды

Описание к видео Ақтөбе облысында үйлері су астында қалған тұрғындар жаңа баспана салып беруді сұрайды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Жаңа баспана салып берсін! Ақтөбе облысы Қаратал ауылының тұрғындары жергілікті биліктен көмек сұрайды. Себебі, Ойыл ауданында орналасқан елдімекендегі үйлердің барлығы су астында қалған. Қарғын суға тұншығып, ағып кеткен төрт түлік те көп. Барынан айырылған жұрт жағдай тұрақталғанда далада қаламыз ба деп алаңдайды. Халықты тағы қандай мәселе мазалайды?! Өңірдегі әріптесім Кәмшат Қопаева біліп қайтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:,

Қаратал ауылында қираған үй көп. Суға батып кеткен мал басы да жетерлік. Тасқыннан кейін бұл баспаналар тұруға келмейді дейді жұрт. Себебі бірнеше күн су ортасында тұрған саман үйлердің алды құлап жатса, енді бірінің қабырғасы қақырап жатыр. Қара шаңырағы мен төрт түлігінен түгел айырылған тұрғындар жергілікті биліктен бірінші кезекте үй мәселесін шешіп беруді сұрайды.
МАЙРА ІЗБАСОВА, Қаратал ауылының тұрғыны:
– Мынау біздің үй. Ауылдың бәрі құлап жатыр осындай болып. Бәрі Ойылға кетті халықтың бәрі. Отыратын орын жоқ ауылда. Үйлердің бәрі құлады. Далада отырмыз сарайда. Сарайда су. Ызғар асты. Шаңырағымызды реттеп берсе ыждағаттап. Ауылға жан-жақтан көмек беріп жатыр. Тамақ та киім-кешек көмек келіп жатыр. Өз үйіңе жетпейді ғой қанша дегенмен.
Ауылда бас-аяғы 230 үйді су басқан. Қазіргі таңда елдімекендегі қарт кісілер мен бала-шаға аудан орталығындағы эвакуациялық пунктте жатыр. Ал, аман қалған малды қарау үшін жүзге жуық азамат Қараталдағы мектепті паналаған. Тасқын су ауылға лап қойғанда жалғыз қауіпсіз орын осы білім ошағы болыпты. Бірақ оның өзіне су кірген екен.
СЕРІКҚАЛИ ҚҰЛТЕМІРОВ, Қаратал ауылының тұрғыны:
– Ауылдың белсенді жастары 12-ге дейін жүрді. Түнімен су кешіп. Ай жоқ. Ай қараңғы уақытта. Үйлерден келмей қалған адамдарды тасып, құтқарып. Мектептің залына полный су кетті. Спорт залға су кірді.
Тұрғындардың айтуынша, қарғын су қатты күшпен келгенде қорада тұрған ірі қара мен қой-ешкі суға тұншығып өлген. Көбін су ағызып әкетіпті. «Мал ашуы-жан ашуы» демекші, төрт түлікпен күнелтіп отырған халық комиссия ағыспен кеткен малды да есепке алсын дейді.
МЕРЕКЕ ӘБДІХАЛЫҚОВ, Қаратал ауылының тұрғыны:
– 200 қойымыз ағып кетті суға. Қаншама төл? Өзімізден 350-дей төл тупикте жатыр. Оған қалай қаражат жағы қалай болады? Ауылда зауыт, ештеңе жоқ. Біз малмен күн көріп отырған адамдармыз. Білмеймін шығынға батып жатырмыз. Үкімет бізге қалай жәрдем етеді деген мәселе ғой. Біз дымсыз қалдық қой. Дә
Аудан әкімі арнайы құрылған комиися су басқан үйлерді толық тіркеп болды. Енді бағалау жұмыстары жүргізіледі деді. Атқамінер тұрғындардың қалауы бойынша жаңа үйлер салынады деп сендірді.
АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ, Ойыл ауданының әкімі:
– Қаратал ауылында болғанда тұрғындар сол ауылда құрылыс салуды өтініп тұр. Сондықтан Қараталға тұрғын үй саламыз деп жоспарын құрып жатырмыз. Тұрғындардың қалауы ескеріледі. Еш тұрғын үйсіз қалмайды. Суға кеткен малдар бар. Өлген малдар болса бәрінің компенсациясы төленеді. Оған дәлел қажеті жоқ.
Бір-ақ сәтте баспанасынан айырылып, бас сауғалаған жұрт күн жылынып, жер кепкен соң ауылға оралады. Осы кезде оларға уақытша болса да паналайтын жер керек. Аудан әкімдігі бұл мәселені де шешуге тырысамыз деп отыр.


---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке