Ажар Түзелбекқызы - Сағындым сені (сөздер/lyrics/текст песни)

Описание к видео Ажар Түзелбекқызы - Сағындым сені (сөздер/lyrics/текст песни)

Миноксидил - лучшее средство для роста бороды и волос, для заказа пишите на ватсап: 87071018848 либо на наш инстаграм:   / minoxidil1.kz  

Айдынға аққу-қаз оралды, сағындым сені,
Жайнады дүние, жаңарды, сағындым сені.
Жаз өтті, жапырақ тоналды, сағындым сені,
Ақ қайың ақ мамық оранды, сағындым сені.

Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Ақ қайың арылды ақ қардан, сағындым сені,
Сандуғаш сайрады бақтардан, сағындым сені.
Елесің жоқ болған тәтті арман, сағындым сені,
Келесің, жаным, қай жақтардан, сағындым сені.

Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Күн батты, таң атты тағы да,
Ем таппай жаралы жаныма,
Жоғыңа сенбестен қарайлаймын жолыңа.
Сен едің ертегі аралым,
Дертімнің таба алмай амалын,
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке