Qаймақ: Қызбел ауылы

Описание к видео Qаймақ: Қызбел ауылы

Қызбел ауылы — Қостанай облысының шалғай жатқан елді мекендердің бірі. Ресми атауы Саға болғанымен, халық бұл ауылды Қызбел деп атап кеткен.

Мұнда атақты Алаш белсендісі — Міржақып Дулатов туылған. Алдағы жылдары ақынның 140 жылдығы тойланады, соған орай оның жерлестері өзара қаржы жинап, ауылда тойхана салып жатыр. Одан тыс, талай әлеуметтік нысандардың құрылысын ауылдықтар бюджетке қарамай, өз қалталарынан көтеруде.

Айтпақшы, дәл осы ауыл кәрі құрлықтағы венгрлардың ата қонысы деген қауесет бар. Оның растығына сенетін мажарлар Қызбелге келіп, естелікке өздеріне де қымбат бір дүниені тастап кеткен. Оның не екенін Qаймақтың кезекті санынан көріңіздер.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке