Қызбел. Арқада жер еркесі Қызбел деген / Кызбел

Описание к видео Қызбел. Арқада жер еркесі Қызбел деген / Кызбел

Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған өлкеге бірнәрсе арнап немесе бір дүниелер тарту еткісі келіп тұратын әдеті ме деймін. Алғаш рет қалаға аяғым тиіп, оқуға түскен күндерде-ақ сондай балаң ой маза бермей жүрген соң, ауылым жайлы деректі фильм түсіремін деп шешкенмін (Әзірге бұл ойым жүзеге аспай келеді). Ұзақ демалыста үйге барып, әр жерден бір жұлып түсірген дүниелерімді сол кезден бері сақтап келемін. Құрастырып, дайындап қойғанмен бүгінге дейін жарияламай келгенмін. Көңілім толмады. Бірақ, жиналып қалған материалдарымнан арасынан қайта көргенімде, кеудемді сағыныш кернеп кеткені. Сосын да студенттік кезден, ауыл тарихынан естелік болып қалар деп назарларыңызға ұсынғым келді. Әуесқойлықпен жасалған демесеңіз, ауыға деген парызымның бір түйіріне балап болса да қабылдарсыздар деген ойдамын.

Видео авторы Қызбел ауылының тумасы Жанболат Кенжеғұл

Комментарии

Информация по комментариям в разработке