Diamond Cup 2018 жүлдегерлері елге оралды

Описание к видео Diamond Cup 2018 жүлдегерлері елге оралды

Қазақстандық каратэшілер халықаралық турнирден олжалы оралды.

Отандық шинкиокушин шеберлері Бельгияда өткен Diamond Cup 2018 додасына қатысқан болатын. Араларынан 60 келі салмақ дәрежесіндегі Еламан Мұқашев топ жарды. Ол барлық қарсыласынан басым түсіп, 16-17 жастағы спортшылар арасында жеңімпаз атанды. Ал ересектер арасында дәл осындай жетістікке қазақстандық Айдын Нұрбосынов қол жеткізді. Тағы бір қазақстандық Әлішер Мұқанов екінші кездесуінде қарсыласымен тең түсті. Бірақ салмағы ауыр болған соң, келесі кезеңге өте алмады. Өйткені ереже сондай. Екі спортшы тең түскен жағдайда, қайсысы жеңіл болса, сол жеңіске жетеді. Әлішер сөйтіп 7-орынға тұрақтады. Халықаралық жарыстан жүлдемен оралған жерлестерімізді Астана әуежайында достары, тустары және жанкүйерлері күтіп алды.

Атап өту керек, бұл жарыс Сингапурде қыркүйектің 3-4-і күндері өтетін Азия чемпионатына соңғы дайындық болып есептеледі. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
   / tv24kz  
Наш сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24  
Instagram -   / tvkhabar24  
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24  
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Комментарии

Информация по комментариям в разработке