Сыңғырлау ауылына 40 жыл!

Описание к видео Сыңғырлау ауылына 40 жыл!

24.08.24 Сыңғырлау ауылы.
1984 жылдың жазында жұбайым Айзада екеуміз Өскемен құрылыс -жол институтын бітіріп келгенде аудандық атқару комитеті төрағасы Бердібай Сарбалаев: Іргедегі жаңа ашылған кеңшарды көркейтетін маман екенсіңдер, келін екеуің велосипедпен таңертең ерте барып, кешке үйге келіп жұмыс жасай бересіздер - деп жолдама берген.
Сол кезде алғашқы үйлер толық аяқталмаған, көпшілігі киіз үй, сарайларда тұратын.
Тәжірибелі Балмұханов Наурыз, Қапсиықов Мұханғали, Себепбаев Лесбай, Тауекелов Нұрландар кеше жоғарғы оқу орынын бітіріп келген Тастеміров Ғалым, Қосбармақов Балта, Өмірбаев Жақан, Нысанов Жаппас т.б. көптеген жас жігіт-қыздар үшін өндірістік тәжірибе мектебі болды.
Міне сол құрылғанына 40 жыл толып жатқан Сыңғырлауға велосипедпен шықтым. Аудан орталығындағы рәміздер алаңына соғып, жолдағы Көкпекті бекеті тұсынан өттім. Орта Азияға қатынайтын күрежол үстімен теміржолды асырып жіберіп отырған үлкен көпір астында тынығып алдым.
Көпірді салушы BI group-та жетекші қызмет атқарған Астаналық Жомарт Түбекбаев бауырымыз.
Үлкен жолдан Сыңғырлау ауылына бұрылыста салынған “Қош келдіңіздер” белгісі де Сыңғырлаулықтардың туған ауылына тартуы. Бұрынырақ салынған Ақбөбек-Қайып алаңы да қайта жөнделіп-қоршалған. Ауыл іргесіндегі атшабар алаңына жетіп “Аламан”, “Тай”, “Топ тарқатар” бәйгелерді тамашаладым.
Атырау, Маңғыстау облыстарының аттары ішінен бас бәйгенің миллионын Сай-Өтестік Ләтипов Нығметтің “Ханкүреңі” қанжығасына байлады. Тұрғынбаевтар әулеті тіккен мотоциклді Ыбраев Келдібай “Қарақыз” атты сайгүлігімен жеңіп алды. Танымал атбегі Таңатаров Қоблан тіккен теледидарды Ермағанбетов Ербол “Айкүрең” сайгүлігі иемденді. Ибашевтар әулеті тіккен мотоциклді Майлыбаевтар әулеті тайы иеленді.
Атшабар алаңынан ауыл орталығындағы 1987 жылы өзім ПМК-1202 мекемесінде бас инженер болып тұрғанда 9 айда салынып аяқталған 320 орындық мектеп алдындағы алаңға келдім. Бұл алаңда қазақ елінің биік көк туы желбіреп тұр. Іргесінде “Туған жерім Сыңғырлау” композициясы, алаң ортасында субұрқақ пен айнала орындықтар орнатылған. Ат шаптырым алаңға әдемі тас төселіп жатыр. Осының бәрі Сыңғырлаулықтардың туған ауылына тартуларының бірегейі.
Палуандар сапында Атырау, Маңғыстау облысының “Қазақ барысына” қатысушылары мен қатар Сыңғырлау ауылы тумасы Тұрғанбаев Ержан да күш сынасты. Бас жүлдені Қазақ барысының күміс, қола белбеу иегері “Қара бура” Нұрдаулет Жарылғапов иеленді.
Қой, гір көтеру мен ұста Боран ақсақалдың 100 кг-дық төс-темірін 50 метрге көтеріп апару сайыстары да қызықты өтті.
Жалпы тойдың жоғарғы деңгейде өтуіне ауыл тұрғындары үлкен әулеттердің айналдыра тіккен киіз үйлері мен әр жылдарда мектеп бітірген түлектер тіккен темір үйлері мен риясыз ақ көілмен жайылған ақ дастарқаннан дәм татқан қонақтар риза болды.
Кешегі кешкі Алтыбақан қойылымы Алматы-Ақтаудан келген өнер жұлдыздар концертіне жалғасып ізі үлкен мерекелік от-шашуға жалғасып жатты.
Тәуекелов Нұрлан, Ақшабаев Қуанғали, Өтеулиев Мырзабек,Әбдиев Бегалы, Амалбаев Талғат бастаған той ұйымдастырушылары мен ауылдың белсенді жастарының ерте көктемнен бастаған еңбегінің жемісі осы мерей той қарсаңында жасалған айшықты істерден көрініп тұр👍 Раббим

Комментарии

Информация по комментариям в разработке