Шавкат қарындасының тойына да келген жоқ. Хан Ата ешқашан профиге өте алмайды | Нұраддин Садық

Описание к видео Шавкат қарындасының тойына да келген жоқ. Хан Ата ешқашан профиге өте алмайды | Нұраддин Садық

Бүгінгі әңгімеміз – аралас жекпе-жек, MMA, UFC, поп-ММА тақырыбында болды. БІРІНШІ БОЛ қонағы – спорт менеджері, промоутер, қоғам белсендісі Нұраддин Садықов.

Нұраддин бұл спорттың әлі де пайда әкелетін бизнеске айналмағанын алға тартты. Ол үшін менеджерлік компаниялар Шавкат Рахмонов сынды атағы жер жаратын, даңқы аспандаған жауынгер жасақтауы керек.

Қазір OCTAGON лигасы әлемге танымал UFC жұлдызын жасақтау үшін барын салып жатыр екен. Нұраддин Садықов "Менің мақсатым – кемі екі-үш Хабиб шығару" деп мәлімдеме жасады.

Одан бөлек, қазіргі файтерлерге тек талантты спортшы болу аздық ететінін, әлемдік межені бағындырып, жекпе-жегіне мыңдаған көрермен тарту үшін шоу бизнеске жақын болуы керегін айтты.

Хан Ата мен Дикий Дарабоз неге ешқашан профиге шыға алмайды? Поп-ММА профи файтерлердің аяғына тұсау ма, әлде оның пайдасын көре алмай отырмыз ба? Осы және басқа да қызықты әңгімені естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріп шығыңыз.

Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз -    / @1golkz  

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin  
Ермұхамед Мәулен -   / e.maulen  

Подкаст қонағы:
Нұраддин Садықов -   / nuraddins  

Подкасты тайм-код арқылы көру:
00:06 Нұраддин Садықов пен Ермұхамед Мәулен жатақханада бір бөлмеде тұрған
01:36 Филолог қалай аралас жекпе-жек функционеріне айналды?
03:32 Face To Face: ондағы төбелестің бәрі шоу ма?
07:00 Еркебұлан Тоқтар – бәрібір кәсіпқой емес
10:04 ТМД көлемінде рекорд орнаттық
11:34 Қазақстанда қанша MMA промоушен бар?
12:30 UFC-ге 2-3 адамды кіргізуді жоспарлап отырмыз
15:12 Жалғас Жұмағұлов "Бекзат Алмаханның еш мүмкіндігі жоқ" деп неге айтты?
17:47 Бекзат Алмахан қалған үш жекпе-жекте өзін 100% көрсетеді
19:58 OCTAGON файтерлеріне ақша төлей ме?
23:46 "Еш пайда әкелетін бизнес емес": Нұраддин мен Ермұхамед дауласып қалды
28:16 UFC – индустрияны қалыптастырған локомотив
29:22 Неге UFC жауынгерлері өте аз ақша алады?
34:00 Файтер – тек спортшы емес, шоу бизнес өкілі
35:50 OCTAGON лигасындағы ең қымбат файтер кім?
36:42 Поп-ММА: кейде шектен шығатын кездері бар
38:13 Хан Ата ешқашан профиге шыға алмайды
40:00 Промоутер – бөлек, менеджер – басқа
42:00 Менеджерлік компаниялар файтерін Шавкат Рахмоновтың деңгейіне жеткізгенде ғана пайда табады
44:34 Еркебұлан Тоқтардың әр сөзі хитке айналады
47:46 Стереотипті бұзу керек: қазақ пен қазақ, өзбек пен өзбек төбелесе берсін
52:22 Азат Мақсұмды неге қатты сынады? "Батырды бәрекелді өлтіреді"
56:09 Менің мақсатым – кемі екі-үш Хабиб шығару
57:48 Шавкат қарындасының тойына да барған жоқ
01:01:10 DAR Team жауынгерлеріне айлық төлейтіні рас па?
01:04:08 UFC-де алғашқы чемпионымыз Шавкат болады деп сенемін
01:06:46 Кедей елміз, ағылшын тілін білмейміз, тегінге құмармыз... Сол үшін қызық емеспіз
01:09.25 Қазақ-қытай турнирі. Нұраддиннен эксклюзив ақпарат!
01:11:02 Орталық Азия файтерлерін де қамтып отырмыз
01:12:32 Конордың мәлімдемесі: Дана Уайт UFC даму векторын өзгерте ме?
01:14:30 Бізде аяқтан шалу бар. Дархан Қыдырәлі - ХХ ғасырдың бірінші жартысында қап кеткен азамат
01:18:05 Жекпе-жек ұйымдастыру үшін лицензияны қайдан алады?
01:20:19 Данияр Қасқарауов депутат болды, енді неге бюрократияны жоймайды?
01:21:26 OCTAGON – тек Қазақстанда ғана емес, ТМД бойынша ІІІ орында

#ufc #mma #octagon

Комментарии

Информация по комментариям в разработке