Қызметтен түнгі бірде хабарласып алып тастады, қазір сол адамдар істі болып жатыр – Бақтияр Артаев

Описание к видео Қызметтен түнгі бірде хабарласып алып тастады, қазір сол адамдар істі болып жатыр – Бақтияр Артаев

Астана қаласында Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің де боксшылары қатысып жатыр. 14 салмақ категориясы (жастар – 7, жасөспірімдер – 7) бойынша төрт елден жиналған 286 спортшы бақ сынап жатыр.

Осы дода қарсаңында той иесі Бақтияр Артаевпен арнайы әңгіме құрып, қазақ боксының қазіргі жай-күйі, Париж олимпиадасы жайлы талқыладық.

Олимпиада чемпионы Астанадағы турнирді ұйымдастыруға кім мұрындық болып жатқанын айтты. Алдағы жылдары бұл турнир (Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін) дәстүрге айналып, оған қатысатын елдердің географиясы да кеңеюі мүмкін.

Одан бөлек, Бақтияр Артаев қазір немен айналысып жүргенін айтып, соңғы 2-3 жылдан бері неге көп көрінбей кеткенін түсіндірді. Боксшы қазір бизнесте жүр. Тараз қаласында мейрамхана мен сән салонын ашып, 50 шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен.

Ел арасында "Бақтияр Артаев олимпиаданың үздік боксшысына берілген Баркер кубогын сатып жіберді" деген әңгіме бар. Боксшы бұл әңгіменің қайдан шыққанын түсіндірді және Баркер кубогын сатпағанын, қазір оның дубликатын күтіп отырғанын айтты.

Өте қызық подкаст болды. Артаев енді мемлекеттік қызметке орала ма? Қызмет ұсынса дайын ба? Міне, осы және басқа да әңгімелерді естігіңіз келсе, подкасты соңына дейін көріңіз.

Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз -    / @1golkz  

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Уәлихан Қосанбай -   / ualikhan_kosanbay  
Аслан Қаженов -   / kazhenov.aslan  

Подкаст қонағы:
Бақтияр Артаев -   / bakhtiyar_artayev  

Подкасты тайм-код арқылы көру:
00:06 Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған турнирді өткізуге кім мұрындық болды?
09:20 "Мен 2030, 2050 сияқты бағдарламамен өмір сүре алмаймын. Қазір, бүгін істе!
10:18 Мені қызметтен кетіргендердің алды қазір сотталып жатыр
12:28 Шенділерді ауылға әкім қылып жіберу керек: кімнің боксшы, кімнің экономист екенін көреміз
15:04 Қызмет – әкемнен қалған тақ емес. Ешкімге ренішім жоқ
17:34 Майкл Пейнге 500 млн теңге төледік. Негізі мықты мамандар ауылдарда жүр
22:06 Алдымен мінез, жүрек керек...
24:12 Афина олимпиадасында "алтын" үшін таласатын соңғы спортшы болғанымды білген жоқпын
27:40 Олимпиададан оралған бойда үстіме "Нұр Отан" футболкасын кигізіп қойды
34:03 Баркер кубогын сатып жібергені рас па?
36:39 Бейжің олимпиадасынан кейін 3 ай төсек тартып жатып қалдым
43:34 Керісінше, мен жолы болғыш жігітпін!
44:38 Шын мықтыны білгіңіз келсе, халық алдында спарринг өткізу керек
46:27 "Өткелде ат ауыстырма". Кеңес Рақышевты неге алып тастады?
48:37 Дулат Бекбауов 63,5 келі салмаққа тым кеш ауысып жатқан жоқ па?
56:06 Бақтияр Артаев Париж олимпиадасынан не күтеді?

#біріншібол #бокс #подкаст

Комментарии

Информация по комментариям в разработке