«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»

Описание к видео «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»

Республикалық «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» бейнесабақтар мен бейне-дәрістер байқауына қатысу үшін конкурстық жұмыстарды қабылдау жалғасуда. Байқаудың ұйымдастыру-дайындық кезеңінде облыстың 70-ке жуық педагогы кеңес алу үшін облыстық ұйымдастыру комитетіне өтініш білдірді, байқауға қатысуға ниет білдірген барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған іс-шаралар өткізілуде.
📌 Қатысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтемесі арқылы өтіп, өтінім беру қажет, сонымен қатар осы сайттан өткен жылдардағы жеңімпаздардың бейнесабақтарын көруге болады. Байқауға жеке де, әріптестермен бірге де қатыса алатыныңызды естеріңізге саламыз. Әрбір бейне-сабақ үшін жеке форманы толтыру керек. Басқа конкурстарға қатысуда пайдаланылмаған және Интернетте жарияланбаған бейне-сабақтар қабылданады.
📲 Байқауға қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне 87016540750, 87077337448 телефондары арқылы хабарласыңыз.
📽️ Байқауға креативті және белсенді мұғалімдерді шақырамыз!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке