Ұлттық арна түсірген «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы эфирге шығады

Описание к видео Ұлттық арна түсірген «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы эфирге шығады

Ұлттық арна түсірген «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» телехикаясы 24-25 қазан күндері 21:00-де эфирге шығады

Республика күнінде қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы эфирге шығады. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген 4 бөлімді телехикая Алаш арысының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді.

Тарихи туындыда Мағжанның ақындығы, қайраткерлігі мен ұстаздық жолы суреттеледі.

Телехикаяның сценарийін Қанат Рамазан жазған. Режиссері – Дархан Сәркенов, бас продюсері - Назгүл Қарабалина. Сериалда бас кейіпкер Мағжанның рөлін Мейірғат Амангелдин, Гүлсім рөлін - Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Міржақып Дулатұлын Қайрат Набиолла, Сәкен Сейфуллиннің бейнесін Қуаныш Құдайберген сомдайды.

#Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV

Шұғыл ақпараттар: https://t.me/+epGbOLbwf240Mzg6

Қазақстан - https://qazaqstan.tv/
Facebook -   / qazaqstantv  
VK - https://vk.com/qazaqstan_tv
Twitter -   / qazaqstantv  
Instagram -   / qazaqstantv  
Telegram - https://t.me/+epGbOLbwf240Mzg6

Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
https://qazaqstan.tv/app

Комментарии

Информация по комментариям в разработке