Сүгірдің термесі/Әлем тыңдаған хит терме/Маңғыстау/Әсерлі терме/Аманқос Садықов/

Описание к видео Сүгірдің термесі/Әлем тыңдаған хит терме/Маңғыстау/Әсерлі терме/Аманқос Садықов/

Сүгір жыраудың Елмен қоштасуы.

Ауылға да Сүгір-ай келді деп
Ордасында талайдың сайраған
Сары самаурын, ақ құман
Кең дастархан-ау жайнаған

Шопан Ата. Қалың зират. Сүгір жырау. Көзіме оттай басылды. Көзден бұл- бұл ұшқан қаймағы бұзылмаған Қазақы тіршіліктің соңғы бұлбұлдарының бірі. Қайғысыз, қамсыз, кең дархан өмір. Сүгірдің термесін тыңдағанда Қазақы өмір бар бояуымен көз алдыңа келеді. Қазіргі прагматизмнен гөрі меркантилизм басым заманда Сүгірлердің енді болуы мүмкін еместей көрінеді. Біз нені жоғалттық?! Өлеңді жоғалттық. Туғанда дүние есігін Өлең ашпайтын болды; өлгенде жер қойнына денеміз Өлеңмен кірмейтін болды. "Қазақтың ойын-сауығы тоқтады. Ұрғашының да еркектің де көзі дүниеге ауған. Ұрғашысы да, еркегі де тегіс белсіз". Белсіздік. Импотенция. Мәшхүр Жүсіп физикалық белсіздікті айтып тұрған жоқ, рухани белсіздікті айтып отыр. Сүріп жатқанымыз Қазақы әлем емес, басқа әлем, бізге сырттан таңылған әлем. Қазақы әлемді қайта туғызуға қауқарсызбыз. Өйткені ұлттық Код (Көт) жоқ. Күлсек, қуана алмаймыз, ашулансақ, ыза бола алмаймыз. Сөйлегеніміз өз сөзіміз емес, күлгеніміз өз күлкіміз емес. Бәрі әлдекімдікі. Қайран Абай. Қазақы әлемді (өз әлемімізді) сақтап қалуға жанын салып бақты. Болмады. Ақыры Қазақы әлемнен айырылғанымызды жария етті . Жүрегі қарс айрылды. Көзінен жасы ағып отырып нені жоғалтқанымызды қағазға түсірді. Мен де жүрегім қарс айырылып Қазақы әлемді аңсаймын. Жоғалтқанымыз келе ме деп тұманды көкжиекке көз тігудемін. Көзім талған жоқ. Ауылға Сүгір қашан келеді деп күтіп жүрмін...(c) Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ

Өгіз аттай желмейді,
Сүгір қайтып келмейді.
Сүгір қайтып келсе де,
Өнеге ұмытқан өлі жұрт
Төрден орын бермейді.
Ой-санасы тозған ел,
Жақсыға көңіл бөлмейді.
Қазақ деген қайран жұрт,
Жан қорексіз шөлдейді.
Шығар шықпас жаны бар
Ыңырсиды... өлмейді...

(c) Ерлан ТӨЛЕУТАЙ
#Сүгіржырау #Маңғыстау #Сүгірдіңтермесі #АманқосСадықов

Комментарии

Информация по комментариям в разработке