Шармановтың қонағы: Зейнеп Ахметова

Описание к видео Шармановтың қонағы: Зейнеп Ахметова

Шармановтың бүгінгі қонағы – жазушы, қоғам қайраткері, халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова.

Жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жарты ғұмырға азық дейді ғой. Өте мән-мағыналы жүздесу болды.

Батырымыздың аманатын арқалап, ұлағатты сөзін, шығармасын дәріптеп, әулеттің туын жықпай қалың қазаққа үлгі көрсетіп, қазақтың салт-дәстүрін асқақтатып, кейінгі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізіп жүр. Халықтың алғысын арқалап жүргендердің бірегейі – Зейнеп. Мен де Зейнептің адал еңбегіне нән ризамын.

Бұл жүздесуде Баукеңе "Халық қаһарманы" атағы берілмегенін, көп жерде жалған ақпарат болып жазылатынын естіп қатты ыңғайсыздандым.

Ерлігі – аян, батырлығы – белгілі қаһарман қазақтың ұлы Бауыржан Момышұлына тиесілі марапатын беріп, құрмет көрсете алмасақ елдігімізге сын емес пе? Баукең атақ-марапатқа мұқтаж емес, ел-жұрт Баукеңді әлдеқайда «Халық қаһарманы» деп атап кеткен. Көп болып қолға алатын шаруа бұл негізі.

Ел ағалары біз болып, журналистер қауымы өз тарапынан бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырсақ. Былтыр батырдың 110 жылдығында шешілуі тиіс еді. Өлі риза болмай тірі байымайтынын ұмытпайық!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке