Шармановтың қонағы: Дулат Исабеков

Описание к видео Шармановтың қонағы: Дулат Исабеков

«Тағамсаулық» каналымның бүгінгі қонағы — қазақ жазушыларының арасындағы шоқтығы биік тұлға, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабеков.

Дәкеңмен жақсы отырыс болды, көкейдегі көп мәселе айтылды.

Сөзі өткір, рухы мықты, жаны таза Дәкең қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйін айтты. Сондай-ақ, жастарымыздың шетелге көптеп кетуі, елдегі жемқорлық мәселесі, құндылықтарымызға деген бейқамдығымыз, келешекке бағдарымызды талқыладық.

0:00 - Алғы сөз
5:08 - Ұлттық болмыс және ар-ұят
6:06 - Ұрпақ мәселесі
7:10 - «Бала тәрбиесіне қатты көңіл бөліп жүрмін»
9:06 - Бізде отбасы неге тұрақсызданып барады?
10:22 - Жастарға мемлекет тарапынан қандай көмек берілуі тиіс
11:33 - «Ерте ме, кеш пе шындық су бетіне қалқып шығады»
12:50 - «Жемқорлыққа етіміз үйреніп кетті»
17:00 - «Билік халыққа жақын болуы тиіс. «Тыңдайтын мемлекет» халықтың сөзін тыңдау керек»
20:00 - Дүрліккен дүние және бейғам Қазақстан
22:52 - Лондондағы әйгілі кітапханадағы жағдай
24:32 - «Мақтануға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Әдебиетімізді насихаттай алмай келеміз»
27:02 - Бақыт Кенжеев жайлы
28:11 - «Әдебиетте біз адамзаттық тақырыпқа тым қатты ұмтыламыз»
29:20 - «Бізде көпсөзділік басым»
32:15 - Шетелде кітаптың атауына ерекше назар аударады
33:00 - Біз қай бағыттамыз
35:00 - Әдебиетіміз ешбір елден кем емес
37:50 - «Кейде бізге ештеңенің керегі жоқ сияқты...»
41:00 - Қонаққа алғыс
43:20 - «Бөрте» пьесасы көптеген елде қойылмақшы.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке