Регидрон дайындау.іш өту кезінде не істеу керек?Балада құсу болғанда осыны беріңіз.

Описание к видео Регидрон дайындау.іш өту кезінде не істеу керек?Балада құсу болғанда осыны беріңіз.

Регидрон ақ түсті,иіссіз ұнтақ.Суда тез ериді.

Қолданылуы:
-Сусызданудың алдын-алуда
-Организимдегі сұйықтық пен электролиттердің орынын толтыруда
-Жедел диарея кезіндегі жеңіл іш өту немесе орташа сусыздану кезінде.

Қолдану тәсілі және дозалары:

1-пакеттегі ұнтақты қайнатылған,бөлме температурасына дейін салқындатылған судың 1-литрінде сұйылтады.

Организимдегі сұйықтық тапшылығын жою үшін Регидрон ертіндісін 4-сағат бойы қабылдаған жөн.
Төмендегі деректерге сәйкес қолдану керек:

Жасы: 4-айға дейін
Дене салмағы: 6-кг
Ертінді мөлшері: 200-400мл

Жасы: 4-12 ай
Дене салмағы: 6-10кг
Ертінді мөлшері:400-700мл

Жасы: 12-ай 2-жас
Дене салмағы: 10-12 кг
Ертінді мөлшері: 700-900мл

Жасы: 2жас-3жас
Дене салмағы: 12-19 кг
Ертінді мөлшері: 900-1400 мл

Комментарии

Информация по комментариям в разработке