Маңғыстаулық әйел «арзан бағаға Қытайдан тауар алып беремін» деп халықты тақырға отырғызып кетті

Описание к видео Маңғыстаулық әйел «арзан бағаға Қытайдан тауар алып беремін» деп халықты тақырға отырғызып кетті

Маңғыстау облысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы арзан бағада аламыз деп, оңбай алданған тұрғындар шу шығарды. Олар миллиондаған ақшаларын Нұргүл есімді әйелге санап бергендерін, алайда тапсырыстары 1,5 жылдан бері қолдарына тимегенін айтады. Сөздерінше келіншек Қытай зауыттарынан тауарды арзанға алып беремін деп жұртты сендіріп келген. Енді не ақша жоқ, не тауар жоқ деген тұрғындар күнде күдікке ілінген келіншектің үйінің алдын торуылдап жүр. Талаптары - берген ақшаларын қайтару.
Бұл тауарды зауыттан тікелей "арзан бағада алып беремін" деп тұрғындарға уәде еткен әйелдің үйі. Күн сайын мұнда одан опық жедік деген азаматтар жиналып, ақшаларын кері қайтаруды талап етеді. Айтуларынша, Нұргүл есімді келіншек уатсап арқылы арнайы топ ашып, сол жерге тауардың суреттерін жіберіп, тапсырыс жинаған. Алғашында тапсырысымыз уақытылы жетіп тұрған соң, біз де сеніп, басқа да адамдарға арзан тауарды ұсына бастадық дейді. Осылайша олар халықтың ақшасын жинап, Нұргүлге бергендерін айтады. Бірақ бір жарым жылдан бері не тауар жоқ, не ақша жоқ әбден берекетіміз кетті деген жұрт шу шығарудан басқа амалдарының қалмағанын айтады.
АНАР ЗАКИБАЙ, жәбірленуші:
– Товар да жоқ, товарға да заказ бермеген. Зат алған шығар, үй алған шығар, машина алған шығар. Сол ақшасын үйді сатып, бізге ақшаны қайтарсын. Себебі бізді халық жеп жатыр. Бізге ақша түсті ма, ары қарай біз заказға жібердік. То есть біз ол ақшаны алып үй алып, машина алып, қыдырып, Америкалатып жүрген жоқпыз. Ол ақшаны біз заказға жібердік, сендік Нұргүл мен Гүлнұрға.
АЙДАНА МӘЛІКБАЕВА, жәбірленуші:
– Ал менің өзімнің астымда да қарайған оптовик бар 70 шақты оптовик бар шығын. Мен солардың бәріне есептесем 60-70 миллион қарызбын жұртқа. Мен оның бәрін қайтара алмаймын. Сонда ол біздің ақшамызды жейді екен, біз қалай оны тауып береміз?
Жұрт, халықтың тауарға деп жинаған ақшасына бұл әйел өзіне дүние-мүлік сатып алған деп топшылайды. Жәбірленушілер полицияға арыз жазғандардың саны мыңнан асқан деп отыр. Ал Полиция департаментіндегілер қазір "алаяқтық бабы" бойынша іс қозғаған екен.
АЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бөлім бастығының міндетін атқарушы:
– Күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізуде.
Ал халықтың ақшасын иеленген Нұргүлдің өзінен ешқандай жауап ала алмадық дейді наразы жұрт.







Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке