Елдос Еміл - Ақтанның термесі | Ақтан Керейұлы

Описание к видео Елдос Еміл - Ақтанның термесі | Ақтан Керейұлы

Ақтан Керейұлы

(1850-1912)
Әрі ақын, әрі жырау Ақтан Керейұлы 1850 жылы қазіргі Ақтөбе өңірінің Байғанин ауданына қарасты Сағыз өзені бойында туып, 1912 жылы сол өңірдегі Шибұлақ деген жерде «Әбділлә қорымында» жерленген. Руы Адайдың Жеменей Кенжесі, оның ішінде Қойсары аталығынан, Қойсарыдан Барғана, одан Абдолла, Абдолладан Керей, Керейден: Жамансары, Ақтан, Тұрғанбай. Ақынның атасы Абдолла – ел аузында әңгімелері қалған айтулы сыншы. Өз әкесі Керей еңбегімен күн көрген кедей шаруа ғана. Ағасы Жамансары ділмар-шешен, інісі Тұрғанбай елге сыйлы азамат болыпты.
Ежелден халық таныған адуынды ақын, жан барында жайнап, тіл барында сайрап өткен жалынды жыршы Ақтанның өзі де кедейлікпен күн кешкен. Отбасы ошақ қасына айналып, мал бағып, шаруа күйттеп қалмай, ол өмірінің көп жылдарын өнер қуумен өткізген.
Ақтан адамшылық қасиет, адалдықты шығармаларына арқау етіп, бұқара мүддесі үшін күрескен батырларды («Ерлік жыры») жыр еткен. Сонымен бірге «Қырымның қырық батыры» сияқты ерлік дастандарын жырлап, таратқан. Жыраудың өлең -жырлары қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы ретінде танылған.

* * *
Қалағандарың сөз болса,
Мен жырлауға құмармын,
Шұбалаң құйрық шұбармын.
Шапқан аттай саулаймын,
Жанған оттай қаулаймын.
Не қылғанмен, дер күнім,
Бұлдыраған таудаймын.
Екі атысқан жау болса,
Арасында мен панамын.
Мен - ақбауыр кер жорға,
Әдемі басқанда аяғын.
Қарасаң көзін жеткісіз
Жылмиып жатқан даламын.
Жортқан атқа жеткісіз
Ұзын бауыр саламын.
Жоғарыдан аққан Жайықпын,
Теңізге құйған аяғын.
Күн шығыстың желімен
Ылайлатып ағамын.
Сөйлемеймін мен неге,
Қашаннан да мен өзім
Заржақ туған баламын.
Сөйлесем, сөзді табамын,
Сөйлей - сөйлей аламын.
Көпшілік сөйле дегенде,
Кідірмеймін жел сөзге,
Кеудедегі білгенді
Алдыңы төгіп саламын.
Қаумалап халқым келген соң.
Селдетпей топан жел сөзді.
Көрінбейін бекер жек.
Таңдайына татымас.
Абыл менен Нұрымнан
Дәніккен жұртым секер жеп.
Мен адайдың Ақтаны,
Сөйлеген сөзіме тақталы.
Сөйлей - сөйлей берейін,
Сөз жүйесін көрейін.
Әрі - бері сөйлесем,
Бұ да өзімнің мерейім.
Сөз дегенің бұйым ба,
Сөйлегенім қиын ба,
Талай да талай сөйледім
Сатырлаған жиында.


#ЕлдосЕміл #Маңғыстау #АқтанКерейұлы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке