Маңғыстау қамалдары 2

Описание к видео Маңғыстау қамалдары 2

Осы жолғы танымдық сапарымыз Қарақия ойпатының солтүстік бөлігін қамтыды.Сапарымыздың басты мақсаты осы аймақтағы қамалдармен танысу еді.Нысаналардың орналасқан жері Мұнайлы ауданының аумағына кіреді.Алғышқы барар қамалымыздың аты-Көкжал деп аталады. Ол Солтүстік Қарақия ойпатының шығыс ернеуінде орналасқан.Баратын жолымыз Ақтау-Баянды-Құйлыс бағыты арқылы жүрді.Құйлыс Ақтауда аты шулы техникалық судың көзі.Көзі емес,тіпті кенорны деген дұрыс.Жер астында жүздеген метрде орналасқан су қабаттарынан бірнеше ұңғымалар (скважина) арқылы алынатын бұл минералды (ащы) су МАЭК-ке барып теңіз суымен араластырылып,бізге тұтынуға беріледі.Дәл осы жерден Ақтау-Жаңаөзен трассасын жарып өтетін Ащығар өзені бастауы алады.Ол аз мөлшерден жер астынан шығатын бұлақтан және су ұңғымаларының суларынан артық суынан өзенше құрайды.Бұлақтың бастауы Аша өзеншесі болып,Ащағарға ұласады.Маусымдық жаңбыр кезеңінде өзеннің сағасы толып,қарқыны күшейетіні байқалып тұр.Осы саға Көкжал қамалы орналасқан қыраттың табанында жатыр.Қамалға бұрылар жерде Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының «Көкжал қамалы XVI-XVII ғғ.» деген жазуы бар белгі тұр екен.Ары қарай қамалды іздеп табу қиынға соққан жоқ.Төбенің үстінде биіктігі 2,5-1,5 метр болып келетін,ұзындығы 100 метрден аса созылған қамал көзге түсті.Маңғыстау қамалдарына тән жобамен (план) салынғаны анық,яғни,жазық жақ беті (солт-шығыс) тастан қамал тұрғызылса,қалған бөлігі табиғи ұшпа.Қамалдың жарының сыртқы,орта тұсында таңбалар кездеседі.Олар көшпенді игдір, джафарбай (йомуд),қай,табын руларының таңбалары.Әзірше бұл қамалда қазба жұмыстары жүргізілмеген.Сондықтан пайымдарымызды шартты түрде ғана айта аламыз.Келесі қорғанымыз Көкжал қамалынан оңтүстік жақ бетте 15-20 км жерде орналасқан Үшқұю қамалы болды.Ол Қарақия ойпатын жарып өтетін ең ірі аңғар – Үшқұюдың солтүстік ернеуінде орналасқан.Алғаш рет оны 2005 жылы жергілікті археологтарымыз - А. Астафьев пен М.Қалменов тауып, Үшқұю деген атау берген еді.Үшқұю сөзі екі сөзден тұрады: үш және құю.Құю түрікпен тілінде «құдық» дегенді білдіреді,яғни,Үшқұю дегеніміз Үшқұдық.Құдықтың өзі аңғардың ішінде орналасқан.Қамал осы аңғардың үстінде орналасқан.Қамалдың типі бастионға келеді,яғни,ұшпаны айнала жеке 6 бастион орналасқан.Оның біреуі жан-жағы құлап қалған шоқының үстінде тұр.Ұшпаның етегінде шеңбер тәріздес құрылыстар орналасқан.Бұған қарағанда бұл үлкен кешен екені көрініп тұр.Бұл қамалда да қазба жұмыстары жүргізілмеген екен.Осылайша біздер Қарақия аумағындағы екі қамалмен танысып, сіздермен бөлісіп отырмыз.Сапарымызды қызықты мағлұматтармен таныстырған «Елтану KZ» қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлы рахмет! «Еліңді тану, жеріңді танудан басталады!».

Комментарии

Информация по комментариям в разработке