КҮНДЕ ФАТИХА, ЫҚЫЛАС, ФАЛАҚ, НАС СҮРЕЛЕРІН 7 РЕТ ТЫҢДАҢЫЗ!!!

Описание к видео КҮНДЕ ФАТИХА, ЫҚЫЛАС, ФАЛАҚ, НАС СҮРЕЛЕРІН 7 РЕТ ТЫҢДАҢЫЗ!!!

Фатиха сүресі

اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾

Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»
Мағынасы:
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз.
5. Бізді тура жолға сал.
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

Ықылас сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ ﴿1﴾ اَللَّهُ الصَّمَدُ ﴿2﴾ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ ﴿3

وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ ﴿4

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахим
«Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад».
Мағынасы:
1. Былай де: Аллаһ – жалғыз.
2. Аллаһ – Самад (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес).
3. Ол тумады да туылмаған.
4. Оған тең келер еш нәрсе жоқ (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз Ұлы Жаратушы).

Кәусәр сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

إِنَّاۤ أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ ﴿1﴾ فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ﴿2﴾

إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ الْأَبْتَرُ ﴿3﴾

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Иннәә ә’тайнакәл кәусәр, фасалли лираббика уәнхар, инна шәниәкә һуәл әбтәр»
Мағынасы:
1. Расында, Біз саған кәусарды бердік.
2. Сен де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.
3. Расында, сені жамандағанның өзі ұрпақсыз қалады.

Фалақ сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴿1﴾ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ ﴿2

وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ ﴿3﴾ وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ ﴿4

وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ ﴿5

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Қул ә’узу бираббил-фәлақ, мин шәрри мәә халақ, уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа мин шаррин-нәффәәсәәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад».
Мағынасы:
1. Таңның Раббысына сиынамын.
2. Жаратқан нәрселердің кесірінен.
3. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.
4. Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен.
5. Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, – деп айт.

Нас сүресі
بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴿1﴾ مَلِكِ النَّاسِ ﴿2﴾ إِلاَهِ النَّاسِ ﴿3﴾
مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ ﴿4﴾ الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ ﴿5﴾ مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ ﴿6

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Қул ә’узу бирраббин-нәәс, мәликин-нәәс, иләәһин-нәәс, мин шәррил-уәсуәәсил-ханнәс, әлләзи иуасуису фи судуурин-нәәс, минәл-жиннәти уәннәәс».
Мағынасы:
1. Адамдардың Раббысына,
2. Адамдардың жалғыз Иесіне,
3. Адамдардың Құдайына сиынамын.
4. Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.
5. Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады.
6. Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.


#альКурси #сураФатиха #сураИхлас #анНас

#дуа #сура #коран #богатство #ризк #здаровье #счастье #ясин #намаз #аллах #альихлас #Альфатиха #аннас #дуанаутро #дуапередсном #избавлениеотпроблем #великийаяткорана #сурафатиха #аллахуакбар #аят #красивоечтениекорана #защитаотшайтана #дуадлядуши #дуаотсглаза #избавлениеотболезней #коранпередсном #отсглаза #отпроблем #дуаотвсехболезней #дуабогатства #дуаотпорчиисглаза #дуадляочищениядома #дуаотболезнейиболи #аяталькурси #дуадляуспеха

Комментарии

Информация по комментариям в разработке