Украина қарулы күштерінің «қазақстандық азаматты» тұтқынға алғаны рас па?

Описание к видео Украина қарулы күштерінің «қазақстандық азаматты» тұтқынға алғаны рас па?

Дәл осы бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеода Украина қарулы күштерінің сырт келбеті азиатқа келетін азаматтан жауап алып жатқандығы көрсетілген. Бірнеше сарбазбен тұтқынға түскен ол өзінің қазақ екенін, Ресейде жұмыс істеп жүрген жерінен ұрыс алаңына әкелгенін айтып ақталады. Осы жазбаға қатысты бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі ресми түсініктеме берді.
Жауапты ведомствоның айтуынша, Украинаның құзіретті органдары Қазақстан азаматтарын ұстау немесе отандастарымыздың қарулы қақтығысқа қатысқандығы туралы ресми ақпарат таратпаған. Ал біздің елдің заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттерге барған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, Украинаның жаңа ережелеріне сәйкес Қырымға және басқа да ұрыс алаңдарына баруға рұқсат жоқ.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
– Украина билігінің рұқсатынсыз Қырым аумағына және басқа да даулы аумақтарға барған қазақстандықтар Украинаның басып алынған аумақтардың мәртебесі туралы заңын бұзушылар болып табылады. Осыған байланысты оларға Украинаның да, Батыс серіктес елдердің де санкциялары қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қылмыстық қудалау және халықаралық іздестіру мүмкін.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке