Түркиядағы тек қазақтар тұратын "Алтай" ауылы / Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді

Описание к видео Түркиядағы тек қазақтар тұратын "Алтай" ауылы / Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді

Түркияда тек қазақтар ғана тұратын "Алтай" ауылы бар. Ол Нигде және Бор қалаларына 50 шақырым жерде орналасқан. Кезінде Шығыс Түркістаннан Гималайды жаяу асып, Үндістан арқылы Түркияға жеткен қазақтардың алғашқы қоныстанған мекені. Алтайды сағынғандары сондай ауылдың атын "Алтай" деп қойған. Алғашында ауылда адам көп болған, тек соңғы жылдары көбісі Стамбұлға, Бор, Нигдеге көшіп ауылда қазір 10 шақты отбасы ғана қалған. Ал Нигде мен Борда тұратын 40-5шақты отбасы жазда "Алтай" ауылына келіп тұрады екен. Үйлерін сатпаған бір сөзбен айтқанда қала тірлігінен шаршаған жандар "Алтай" ауылын жайлауы сияқты ұстап отыр.
Ал Алтайдың бір кездері әкімі болған Мұстафа Көк және тағы бірнеше отбасы бұл жерге жаңа үй салып, ауылдан көшпейміз деп отыр. Ата-бабасының тұрған құт мекенін қорғап, ауылдың ортасына цементтен киіз үй тігіп, оның ішін мұражайға айналдырып кәдімгідей Алтай ауылының қорғаушысы болып отыр.
Фильмде МҰстафа Көк қазір Алтайда кімдердің тұратынын және үйлердің не үшін құлап қалғанын айтады. Одан кейін егіншілікпен айналысатын Зеки аға мен шырпы жарып отырған Қанипа апай сөйлейді, Алтай ауылының ішін есекпен қыдырып жүрген балаларға жолықтық! Ең қызығы Мұстафа ағаның биік құздың басына шығып, қазақ шапанмен түскен әйгілі суретінің тарихы да фильмде айтылады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке