Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын авторы Алтай Болатов

Описание к видео Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын авторы Алтай Болатов

Болатов Төре есімі Республика прокуратурасының Құрмет кітабына жазылған тәжірибелі прокурор, елі ерекше қадірлеген қадірменді азамат. Төре Болатовтың есімі өзі өмір сүрген, қызмет атқарған өңірлерге кеңінен танымал. Бұл күндерде ардақты азаматтың өзі жоқ болғанымен, өнеге тұтар істері, өмірін жалғастырар ұрпақтары қалды. Тәуелсіз Казақстанның құқық қорғау органдары тарихында қырық сегіз жыл бойы заң саласында қызмет атқарған Төре Болатовтың өшпес есімі, еңбегінің ізі қалды.
Төре Болатов 1918 жылы қараша айының 14-ші жұлдызында бұрынғы Көкшетау облысының Красноармейск атты ауданында дүниеге келді.

Тәжірибелі заңгер, 2-ші класты юстицияның аға кеңесшісі Төре Болатов 35 жыл прокуратура ұжымында қызмет істеп, 1971 жылы Ақмоладағы адвокаттардың облыстық коллегия төралқасының төрағасы болып 1984 жылға дейтін қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.
Сонау 1939 жылы Ақмола облысы алғаш құрылып жатқанда осы өңірге жолдамамен қызметке келген Төре Болатов өзінің барлық саналы өмірін осы құйқалы өңірмен тығыз байланыстырып, облыстық прокуратура саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Осы жерде отбасымен өсіп-өркендеп, мәуелі бәйте- ректей жапырақ жайды. Ақмола өңірінің ардақты азаматы, ақылгөй ақсақалы атанған Төкеңе де осы өзіне қымбат та қимас жерден топырақ бұйырды.
Төре Болатов жастайынан дәм-тұз жарастырған қосағы (марқұм) Күлшарамен жарты ғасырдан астам түтін түтетті. Екеуі өмірге сегіз бала әкеліп, азамат етті. Балалардың барлығы да білім алып, қатарларының алдыңғы легінде жеке-жеке отау құрып отыр.
Барлық саналы ғұмырын құқық қорғау саласын өркендетуге сарп еткен Төре Болатовтың еңбегі талай-талай үкімет наградаларымен марапатталды. Оның есімі Қазақстан Республикасы Прокуратурасының Құрмет кітабына жазылды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке