Түнгі 3-те үйден кетіп оралмаған: Қызылорда іргесінде 31 жастағы дәрігердің мәйіті табылды

Описание к видео Түнгі 3-те үйден кетіп оралмаған: Қызылорда іргесінде 31 жастағы дәрігердің мәйіті табылды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Қызылорда қаласының іргесінде 31 жастағы медицина қызметкерінің мәйіті табылды. Марқұмның жақындары атпалдай азаматқа бірнеше адам жабылып, басынан оқ атқан деп отыр. Айтуларынша, қанды қылмысқа қатысы бар адамдар әлі бостандықта тайраңдап жүр. Оның үстіне жігіттің көз жұмғанына 3 күн өтсе де, тергеушілерден бірде-бір хабар жоқ дейді. Тергеу әділ жүріп жатқанына күмәнданған қара жамылған отбасы талаптарын айтып, полиция басқармасына баса көктеп кірді.
Онкологиялық ауруханада жұмыс істеген Наурызбек Тұрсынов өткен дүйсенбіде түн ішінде телефонына қоңырау келген соң, үйінен асығыс шығып кеткен дейді марқұмның жақындары. Атпалдай азамат сол кеткеннен оралмапты. Содан кейін туыстары полицейлерге хабар беріп, өздері жаппай іздеуге кіріскен. Ақыр соңы асқан қатыгездікпен өлтірілген медицина қызметкерінің мәйітін қала шетіндегі арнаның жағасынан тапқан екен.
ҰЛПАН НҰРЛЫБАЕВА, марқұмның жұбайы:
– Қазір келеді деп жаттым. Сағат 4 болды. Тұрсам, қасымда жоқ. Мына кісі әлі келмеген бе деп, машинасына қарадым. Машинасы ол жоқ. 4-5 адамды жалдаған. Басынан екі оқпен атқан. Асқан қатыгездікпен өлтіргенімен қоймай, қасындағы каналға лақтырып кеткен денесін.
Қайғыдан қан жұтқан отбасы Наурызбекті өзінің таныстары өлтіргеніне сенімді. Айтуларынша марқұм өзіне жақын адам санайтын жігітпен соңғы күндері ақшаға байланысты біраз түсінісе алмай жүрген. Сондықтан 31 жастағы азаматтың өліміне осы келіспеушілік себеп деп санайды.
АСЫЛХАН ДАУЫЛБЕКОВ, марқұмның әкесі:
– Бірнеше адам, жоқ дегенде 4-5 адамның қатысы бар. Сол адамдардың бәрінің табылып, қатаң жазамен сотталуын талап етеміз.
Оның үстіне тергеудің әділ жүріп жатқанына да күмәнданады жәбірленушілер. Өйткені тергеушілер марқұмның жақындарына бірде-бір рет келіп жауап алмапты. Сондықтан наразылық білдірген отбасы полиция басқармасына өздері келіп талаптарын айтты.
ҒАЛЫМЖАН ТАБЫНБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен іс тіркелді. Аса ауыр қылмыс. Екі адам осы іспен қамауға алынды. Қалған мәліметтер қылмыстық процестік кодекстің 2-бөлігіне сай сіздерге жария етілмейді.
Яғни іс “адам өлтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр. Ал марқұмның жақындары істің ақ-қарасы анықталып, кінәлілер қатаң жазаланғанын қалайды. Айта кетейік, Наурызбек Тұрсыновтың артында кәмелет жасына толмаған үш баласы мен жары қалды.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке