МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР ТУРАЛЫ 17 АЩЫ ШЫНДЫҚ!

Описание к видео МАРГАРЕТ ТЭТЧЕР ТУРАЛЫ 17 АЩЫ ШЫНДЫҚ!

Маргарет Тэтчер 1979 жылдан 1990 жылға дейін Біріккен Корольдіктің премьер-министрі қызметін атқарды . Ол Ұлыбританияның ең жоғары саяси кеңсесінде қызмет еткен алғашқы әйел. Премьер-министр кезіндегі ол белсенді консерватор болды. Ол сонымен бірге Кеңес Одағына және коммунизмге қарсы суық соғыста демократияның маңызды көшбасшысы болды.
Маргарет Тэчер 1925 жылдың 13 қазанында Англиядағы Грантемде дүниеге келген. Оның әкесі жергілікті дүкенші болған. Оның Мариэл есімді қарындасы болды, ал отбасы әкесінің азық-түлік дүкенімен күн көрген Ол Денис Тэтчерге 1951 жылы үйленді. Денис екеуінің Марк және Карл атты егіз балалары болды.
Маргарет саясаяи білімді, Грантхэм мэрі болған ағасы Альфредтен үйренді. Маргарет Оксфорд университетінде химик мамандығы бойынша білім алған. Оксфордқа барғанда Маргарет саясатқа деген қызығушылығы артты. Ол үкіметтің бизнеске араласпауын қалады. Ол Оксфорд университетінің консерваторлар қауымдастығының президенті болды. 1947 жылы оны бітіргеннен кейін химик болып жұмысқа орналасты.
Бірнеше жылдан кейін Маргарет алғаш рет өзінің кандидатурасын Дартфордтағы сайлауға ұсынады. Ол Консервативті ұстанымда болғандықтан екі рет жеңіліп, оның жеңіске жету мүмкіндігі болмады, бірақ бұл ол үшін жақсы тәжірибе болды. Содан кейін ол оқу орнына қайта оралып, заңгер дәрежесін алды.
1959 жылы Маргарет Тэтчер өзінің позициясын қолдайтын оппозициялық партияның құрамына қосылып Ол сол жерде 30 жыл бойы көп қызметтері атқарады. 1970 жылы Маргарет Тэтчер сол партияның хатшы қызметіне тағайындалды. Ол партияда өзінің консервативтік позициясын бірнеше жылдар бойы насихаттап өз беделін арттырады. 1975 жылы Партия көпшілік алдында беделі күрт төмендейді Маргарет Тэчер осы кезде партияны басқаруды өз қолына алады Бұл Ұлыбритания тарихындағы оппозициялық басшы болған алғашқы әйел болды. Маргарет Тэтчер 1979 жылы 4 мамырда Ұлыбританияның премьер-министр болып тағайындалады. Ол Ұлыбританияда 10 жылдан астам уақыт бойы жоғарғы лауазымды атқарды. Міне, осы уақыт ішіндегі ең маңызды оқиғалар болды
Маргарет Тэтчер кезеңіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі, Фолкленд соғысы болды. 1982 жылы сәуірдің 2 күні Аргентина, Британдық Фолкленд аралдарына басып алады. Тэтчер тез арада аралды қайтаруға Англия әскерлерін жіберді. Бұл қаншалықты қиын болса да, Британдық қарулы күштер Фолклендті бірнеше айдың ішінде кері қайтарып алды, және 1982 жылы 14 маусымда арал толықтай британдықтардың бақылауына өтеді.
Маргарет Тэтчер, Батыс елдері мен КСРО арасыындағы салқын соғыста маңызды рөл атқарды. Ол өзіне одақтас болатын АҚШ президенті Рональд Рейганмен бірігіп Кеңес Одағының коммунистік жүйесіне қарсы күресті. Ол коммунизмге қарсы өте қатал бағыт ұстанды, Ол коммунизмге қатты қарсылық білдіргендіктен Кеңес капитаны Юрий Гавриловтан «Темір ханым» деген лақап ат алды, бірақ сонымен бірге экономикалық қарым-қатынастардың жеңілдеуін қолдады. Михаил Горбачев басшылығы кезінде Батыс елдері мен КСРО арасындағы салқын соғыс КСРО-ның экономикалық кризиске ұшырауының арқасында тиімді түрде аяқталды.
Тэтчер үкіметтің кейбір салаларын, мысалы, коммуналдық қызметтерді жеке меншікке көшіру экономикаға көмектеседі деп есептеді. Жалпы алғанда, бұл уақыт өте келе бағалардың төмендеуіне көмектесті.
Тэтчер, мерзімінің басында бірқатар өзгерістерді жүзеге асырды, оның ішінде жекешелендіру, одақтық реформа, аз пайыздық мөлшерлемелер, салықтардағы өзгерістер. Басында жағдай жақсы болмады, бірақ бірнеше жылдан кейін экономика жақсара бастады.
1984 жылы 12 қазанда Тэтчер тұрған Брайтондағы үйінде бомба жарылды. Бұл оның қонақ бөлмесін бүлдіргенімен, Маргарет Тэтчер аман қалды. Кейін Бұны Ирландия армиясының істеген қастандық әрекеті екені анықталған.
1990 жылы 28 қарашада Маргарет Тетчер өз қарсыластарының қысымымен премьер-министр қызметінен кетті.
Маргарет Парламент депутаты болып қызметін әрі қарай жалғастырды. Ол саясатта белсенді болды, бірнеше кітап жазды және көптеген саяси өзгерістерге ықпал етті. 1992 жылы зейнетке шыққаннан кейін саясат сахынасынан толықтай кетті 2003 жылы оның күйеуі Денис қайтыс болып, ол бірнеше рет инсульт алған. Маргарет он жылдан кейін яғни 2013 жылдың 8 сәуірде Лондонда қайтыс болды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке