КІМ БҰЛ ЛЕНИН....

Описание к видео КІМ БҰЛ ЛЕНИН....

Ол Кеңес Одағының негізін қалаушы ретінде тарихта қалды. Оның марксизм мен коммунизм туралы идеялары оны ленинизм деген атқа ие болғызды. Ол 20 ғасырдың ең ықпалды саяси жетекшілерінің бірі болды. Сәлем достар! Бүгін біз сіздерге Ленин туралы қызықты ақпараттар мен бөлісетін боламыз!
Владимир Ленин 1870 жылдың 22 сәуірінде Ресей империясының Симбирск қаласында дүниеге келген. Оның толық аты жөні- Владимир Ильич Ульянов. Лениннің ата-анасы өте білімді болған. Ленин мектепті жақсы оқып бітірді. Ол сондай-ақ ашық ауада шахмат ойынын ойнауды ұнататын.
Ленин он алты жасқа толғанда әкесі қайтыс болды. Бұған Ленин қатты қайғырып, дінге деген жек көрушілігі оянып Атейсттік көзқарасты ұстана бастады. Бір жылдан кейін Лениннің үлкен ағасы Саша, патша үкіметін құлатуды жоспарлаған революциялық топқа қосылды. Кейін жоспарлары сәтсіздікке ұшырап, Саша тұтқынға алынып, патша үкіметі оны өлім жазасына кесті. Патша үкіметінің бұл шешіміне Ленин қатты ащуланды.
Осы оқиғадан кейін Ленин Қазан университетінде білімін жалғастырды. Университетте ол саясатпен және революцияшыл топтармен араласады. Ол Карл Марксты зерттеп, марксизмнің идеалды басқару жүйесі екеніне көз жеткізді . кейін ол тұтқындалып, университеттен қуылды, бірақ кейінірек оған университті қайта оқуына рұқсат етілді. Оқуды бітірген соң заңгер болып жұмыс істеді.
Ленин революционер ретінде жұмысын жалғастырды. Ол Санкт-Петербургке көшіп, тез арада марксистер арасында көшбасшы болды. Ол үнемі полиция мен мемлекеттік қызметкерлерден жасырынуға мәжбүр болды, өйткені патша үкіметінің барлаушылары барлық жерде болды. Ақырында, Ленин большевиктер деп аталатын өзінің марксистер тобын құрды.
1897 жылы Ленин қайтадан тұтқындалып, үш жылға Сібірге айдалды. Ол 1898 жылы революционер жерлесі Надя Крупскаяға үйленді. 1900 жылы Санкт-Петербургке кері оралғаннан кейін Ленин « Искра » деп аталатын коммунистік газетті құрып және ол арқылы революцияны насихаттап, марксизмді дәріптей бастады. Кейін ол үй қамаққа алынып Санкт-Петербургтан шығуға тыйым салынды. Ол бірнеше жылдан кейін Батыс еуропаға кетіп, өзінің көп уақытын сонда өткізді, Ленин Батыс еуропада жүріп, көп коммунистік мақалалар жазды және алдағы революцияға жоспар жасады.
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде миллиондаған орыс жұмысшылары мен шаруалары әскер қатарына қосылуға мәжбүр болды. Оларды Патша үкіметі бірден ұрыс даласына жіберді. Олар соғыста нашар дайындықпен, тамақсыз, аяқ киімсіз, кейде қарусыз соғысуға мәжбүр болған. Патша үкіметінің осындай қателігінен мыңдаған Ресей сарбаздары көз жұмып,, Ресей халқының ащуын тудыртты.
1917 жылы Ресейде Ақпан төңкерісі болып. Романовтар әулеті билеген Патша үкіметі құлатылды, кейін билік тізгінін Уақытша үкімет алды. Германияның көмегімен Ленин Ресейге оралды. Ол Уақытша үкіметке қарсы наразылық білдіре бастады. Ол тек халық басқарған үкіметті қалады.
1917 жылы қазанда Ленин бастаған большевиктер партиясы үкіметті өз қолына алды. Ленин Ресей Социалистік Федеративті Кеңестік Республикасын құрды және ол жаңа үкіметтің жетекшісі болды.
Жаңа үкімет орнаған кезде Ленин көптеген өзгерістер жасады. Ол ең алдымен Германиямен бейбітшілік орнатып, Бірінші дүниежүзілік соғыстан шықты. Германия оған Ресейге кіруге көмектескенде осыны көздеген еді. Ол сондай-ақ байлардың жер телімдерін тартып алып, оны шаруаларға бөліп берді.
Басшылықтың алғашқы бірнеше жылында Ленин өзіне қарсы шыққан ішкі топтарды талқандай бастады. Ол өте қатал басшы болды. Ол барлық қарсыластарын басып-жаншып, оның үкіметіне қарсы сөйлегендердің бәрін өлтірді. Өзінен бұрынғы патша сияқты ол да шаруаларды өз әскеріне қосылуға мәжбүр етті, сонымен қатар әскерлерді тамақтану үшін шаруалардың азық түліктерін де тартып алды. Ішкі азамат соғысы ел экономикасының көп бөлігін құлдыратып, миллиондаған адамдар аштан қырылды.
Азамат соғысы кезінде Ленин соғыс коммунизмін құрды. Соғыс коммунизмі кезінде үкімет бәріне иелік етті, ал сарбаздар шаруалардан өздеріне қажет заттарды ала алды. Соғыстан кейін, экономика құлдырап бара жатқанда, Ленин Жаңа экономикалық саясатты бастады. Бұл жаңа саясат жеке меншік бизнес пен капитализмге рұхсат етілді. Осы жаңа саясат бойынша Ресей экономикасы қалпына келе бастады.
Азаматтық соғыста большевиктер жеңіске жеткеннен кейін, Ленин 1922 жылы Кеңес Одағын құрды. Бұл әлемдегі ең алғашқы коммунистік ел болды.
1918 жылы Ленинге жасалған қастандықтан алған жарақаты асқынып денсаулығы нашарлай бастады. 1922 жылдан бастап ол бірнеше рет инсульт алып, кейін Ленин өзінің өсиетін жазды Бұл құжатта ол алаңдаушылық білдіріп Иосиф Сталинді қызметінен босату керек деп жазып қалдырды. Алайда, Сталин болшивниктер арасында өте ықпалды болып және ол, Ленин өлгеннен кейін КСРОның екінші басшысы болды. Ленин 1924 жылдың 21 қаңтарында инсульттан қайтыс болды. Кейін оның туған қаласының атын Ульяновск деп өзгертілді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке