Зияны темекіден екі есе көп! Электронды темекілер 8-9 сынып оқушыларына оңды солды сатылып жүр

Описание к видео Зияны темекіден екі есе көп! Электронды темекілер 8-9 сынып оқушыларына оңды солды сатылып жүр

Қазақстанда зияны ұшан-теңіз темекі түріне тәуелділер тыйылмай тұр. Кәдімгі темекіден бөлек, бір рет шегетін электронды шылымды әсіресе мектеп жасындағылар жиі тұтынады екен. Мұның құрамындағы никотин темекіден 2,5 есе көп! Депутаттар Үкіметтен осы мәселені шешуді сұрап отыр. Әріптесім Бақытнұр Бейсенбай елорда дүкендеріндегі электронды темекі саудасының қалай қызып тұрғанын көріп келді.
Электронды темекінің саудасы қызғаны сонша, тіпті елорданың кәдімгі азық-түлік сататын дүкендерінде көп. Біз бір емес, бірнешеуіне бардық. Сөреде түрлі-түсті мұқабасы, сан түрлі дәмі бар "вейп" толып тұр. Бағасы 3 мың теңгеден басталады.
Сатушы 21-жастан асқанымызды байқады ма, әйтеуір төлқұжатыңды көрсет демеді. Айтынша, мұнда жасөспірімдер көп келеді. Электронды темекі саудасы интернетте де қызып тұр. Әлеуметтік желіні ашсаңыз, тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтер, түрлі жарнама жетерлік. Тіпті, қай жаста екеніңізге бас қатырмайды. Жастардың, әсіресе оқушылардың жиі тұтынатынын білеміз деген елордалықтардың кейбірі темекі саудасына мүлдем тыйым салу керек дейді.
Терпавет Айжан Шанова бұл темекілердің құрамында жасөспірімнің ағзасына өте ауыр тиетін улы, химиялық заттар мен ауыр металдар бар дейді. Сондай-ақ, кәдімгі шылымнан никотині екі есе көп. Әсіресе, ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне өте зиян.
АЙЖАН ШАНОВА, терапевт:
– Электронды темекі құрамы әр түрлі келеді. Түрлі химиялық қосындылар, ол никотин, формальдегид бәрі денсаулыққа өте зиян. Канцерогендік әсерлерден соң онкологиялық ауру тудыруы мүмкін.
Мәжіліс депутаттары бір реттік электронды темекіні тәркілеп, сатылымнан мүлдем алып тастайық деп отыр. Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстанда 21-жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын тұтынуға, сатуға тыйым салынған. Алайда, интернет пен азық-түлік дүкендерін жаулап алған көк түтінді әзірге ешбір мекеме мамандары тексеріп жатқан жоқ!

Бақытнұр Бейсенбай








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Вейп #электронды_темекі #шылым #шектеу #улы_газдар #денсаулық #ЗОЖ #Айкос #ГЛО

Комментарии

Информация по комментариям в разработке