Шымкенттегі ең үлкен балалар кітапханасындағы елу шақты маман жұмыссыз қалуы мүмкін

Описание к видео Шымкенттегі ең үлкен балалар кітапханасындағы елу шақты маман жұмыссыз қалуы мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Шымкенттегі ең үлкен балалар кітапханасындағы елу шақты маман жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі, мекеме Түркістан қаласына көшірілмек. Ал, қызметкерлер басқа қалаға барудан бас тартып отыр. Себебі, пәтер жалдап тұру қалтаға салмақ түсіреді дейді. 150 мың теңге айлықпен баспанасыз күн көру мүмкін емес деген шағымданушылардың талабын өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тыңдап келді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Шымкенттегі ең үлкен Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы 67 жыл бұрын салынған. Жылына 24 мың оқырман қабылдайтын мекеме екі ай бұрын жабылыпты. Содан бері мұндағы 50 маманнан маза кеткен. Өйткені, жұмысты жалғастырғысы келетін қызметкерлер Түркістан облысына көшу керек.
ГҮЛЗИРА ТҰРҒЫНБАЕВА, кітапханашы:
– 50 шақты қызметкер біз просто так далада қалайын деп тұрмыз. Біздің кітапханашының айлығы 150 мыңға да жетпейді. Ол айлықпен екі ортада барып келудің өзі оңай емес. Сонымен ол жақта ешқандай тұрғын үй мәселесі де қиын. Өз қалтамыздан пәтер жалдап тұруымызға тура келеді.
Кітапханашылар мардымсыз айлыққа басқа қалада пәтер жалдап, күн көру мүмкін емес дейді. Себебі, қызметкерлердің дені отбасылы, жалғызбасты және зейнет жасындағы әйелдер.
ФАЙГЕЛЬ АХЛИУКОВА, кітапханашы:
– Мен бұл кітапханада 37 жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Зейнетке шығуыма 2,5 жыл ғана қалды. Мен енді жұмысты қайдан табамын? Түркістанға төрт сағаттап қатынап жұмыс істеу миға сыймайды. Біздің алдымызда Пушкин атындағы кітапхананы көшірген. Қызметкерлерінің бәрі дерлік Түркістанда жұмыс істей алмай қайтып келді. Қазір жұмыссыз.
Екі айдан бері кітап жинап жүрген қызметкерлер Шымкент қаласы әкімдігінен бастап министрлікке дейін хат жазған. Соңғысынан жауап әлі күнге дейін келмепті. Ал, мамандарды жалақымен қамтып отырған Түркістан облысының әкімдігінің өкілдері қызметкерлерге Шымкенттен жұмыс тауып беруге міндетті емеспіз дейді.
ЭЛЬВИРА МОМЫНОВА, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы:
– Алтынсарин кітапханасының ғимараты Шымкент қаласының меншігінде. Сол себепті біз Алтынсаринді барлық штаттық бірлігімен, ешқандай штаты қысқартылмайды. Алтынсарин кітапханасы жабылмайды. Өз атауын сақтай отырып Түркістан қаласына көшіріліп отыр.
Алтынсарин кітапханасындағы елу маманның енді тағдыры ешкімді мазалап тұрған жоқ. Облыс әкімдігі Түркістаннан жұмыс ұсынып тұрмыз деп құтылса, қалалық жауаптылар шаһар кітапханаларында орын жоқ деп шығарып салған.


---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке