Иманыңды өміріме, Жаратқаным, нәсіп ет...

Описание к видео Иманыңды өміріме, Жаратқаным, нәсіп ет...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Айбек Бекбосын - "Жалғыздық" (Авторы - Төлеген М)
Бейнематериал авторы – Оптимус Прайм.
Өңдеген – Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Тик ток пен Ютуб: Aigul_Sahimbaykizi / Айгүл Сағымбайқызы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстграмм – aikosmuz




Кешіре гөр, Алла, егер,
Сүрінгенде, еске алсам.
Пендемін ғой, деп өзімді,
Мен алдыңда, ақталсам.

Өтер өмір, көрген түстей,
Жауабым бар, алдыңда.
Өтсем екен, мен сүрінбей,
Әмір түскен, уақытта.

Өтпесе екен, бос өмірім,
Мұқтаж болып, сауапқа.
Өтпесе екен, бар күндерім,
Қу дүниенің, соңында.

Тағдырымның көпірінен,
Құласамда мен, Алла.
Сын көпірінен, бар тілегім,
Мүмкін болса, құлатпа.

Мынау ойымда, жүрсе екен,
Ұмытылмас, бес парыз.
Күндерімде өткен, кеткен,
Қалмаса екен, еш қарыз.

Ризамын ғой, Жаратқаным,
Сынағыңда, сабағым.
Үлкен байлық, қажет емес,
Аман болсын, ұрпағым.

Кешіре гөр, мен жыласам,
Бейнетті көп, көрдім деп.
Иманыңды өміріме,
Жаратқаным, нәсіп ет.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке