Qаймақ: Мәдениет ауылы

Описание к видео Qаймақ: Мәдениет ауылы

Мәдениет ауылы Ақмола облысы, Бурабай курорттық аумағында орналасқан. Керемет табиғатымен көз тартады. Ауыл әсерлі аңыздарға тұнып тұрған тарихи мекен. Мәдениет халқы өздеріне ала жаз бойы келетін қонақтарды күтіп үйренген. Демалушылармен қоса, алыс жақын шет елдерден келетін туристерге қызмет көрсетеді. Оның ішінде агротуризм саласы жақсы дамыған.

Еліміз бойынша ең таза ауа да дәл осы Мәдениетте. Оны арнайы қондырғылардың көмегімен, ауылдағы метеостанция анықтайды. Елді мекен суы да, сапасы жағынан кәрі құрлықтың Мишлен жұлдызды мейрамханаларында берілетін тіршілік нәрінен еш кем емес.

Мәдениет ауылының өзге де қызықтары жайында «Qаймақ» бағдарламасының кезекті санынан көріңіздер!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке